Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Полицей жөзекшелерге қамқор болғаны үшін, жеті жарым жылға бас бостандығынан айрылды

AstanaTV
23.10.2019ж. 20:00
2186
Полицей жөзекшелерге қамқор болғаны үшін, жеті жарым жылға бас бостандығынан айрылды

Қамқорлығы үшін қамалды! Алматыда жөзекшелерге көмектесіп былықтарын жаппақ болған полиция қызметкері жеті жарым жылға сотталды. Тәртіп сақшысы олардан 5 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталған. Сот экс-полицейді бас бостағынан айырып қана қоймай, мемлекеттік қызметке жұмыс істеуіне тыйым салды. 

Алматылық полиция департаментінің қызметкері Нәдірбаев, "түңгі көбелектерден" бес мың АҚШ долларын талап еткен. Сөйтіп істі жабуға уәде берген. Дегенмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің өкілдері тәртіп сақшының құйтұрқы әрекетін дер кезінде әшкерілепті. Бүгін сот оған 7 жарым жылға қамауға алу туралы үкім шығарды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, әрі 7 жыл 6 айға қамауға алу туралы жаза тағайындалсын

Қалада жезөкшелерді құрықтау операциясы жазда басталған еді. Шаһар басшысы полицияның бұл мақсаттағы жұмысына күдікпен қараған болатын.

Бұл елдегі жауапсыз полиция қызметкерінің жазаланған алғашқы дерегі емес. Бірқатары сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланыпты. Нұр-Сұлтан қаласының полиция капитаны Досханов Өзбекстанның 19 азаматын босатпақ болған. Бұл қызметін 4 мың АҚШ долларына бағалаған. 

Данияр БЕГАЙДАРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ  1-ШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД-ның жол-патрульдік қызметі инспекторы, полиция капитаны Досханов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Өзбекстанның 19 азаматын босатуға 4 мың АҚШ долларын алу кезінде құрықтылды. Тағы ПД арнайы баталонының инспекторы полиция лейтенанты Салкимбаев сотталды. Сондай-ақ Петропавлдағы жүргізушілерден бірнеше рет пара алған полицейлей Кузьминых және полицияның кіші сержанты Хисамутдинов 7 жылға қамалды.


Тәртіп сақшылардың әрекеттері қарапайым тұрғындар да таң қалдырмады.

БЛИЦ:

- Қазақстанда полицейлердің қалай жұмыс істейтінін білемін. Олар да жемқорлық деген нәрсе бар, тағы да қылмыстық істер жасайды, өздері заң қорғаушы бола тұрып, заңды бұзады. Сол үшін де сенбеймін

- Отандық полицейлердің жұмысына көңілім елу пайыз ғана толады. Толықтай сенімімнен шығады деп айту қиын


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Статистикаға сүйенсек былтыр алаяқтық ісі бойынша Ішкі Істер министрлігі көш басында болған. Департамент 200-ден астам қызметкерді сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін соттаған.

 Ә. Лесбек