Ауғанстандағы
террорлық жасақтардың қатарында санаулы ғана отандасымыз бар. Бұл туралы
Қазақстанның сол елдегі елшісі Өміртай Бітімов хабарлады. Олар негізінен
арандатушылардың алдауына сеніп қалған жас жігіттер. Жағдайды өз көзімен көрген
соң пікірі өзгеріп Қазақстанға қайта сұранатын көрінеді.
Елшінің сөзінше,
Ауғанстандағы лаңкестер қозғалысы - Орталық Азияға төнген басты қатер. Ауған елі
біраз жылдан бері лаңкестер мен есірткі сатушылардың ордасына айналған.
Тәліптер мен «Әл-Каида» жасақтарына ДАИШ содырлары қосылды. Ресей Сыртқы істер
министрлігінің мәліметінше, Ауғанстандағы террористер саны 10-12 мың адамды
құрайды.
Өміртай
Бітімов, ҚР Ауғанстандағы елшісі:
Қазақстаннан
шықан террористер саны өзге мемлекеттермен салыстырғанда болмашы ғана.
Жергілікті биліктің көмегімен олардың біразын елге қайтардық. Көбісі, Ауғанстанға келіп шындықты көрдік, қателескен екенбіз, өкінеміз, дейді. Елге
қайтаруды сұрайды. Бұл осыдан 2-3 жыл бұрынғы жағдай. Қазір тынышталды.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ