$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қостанай соты олигархтан 300 мың АҚШ ақшасы көлемінде қарызын өндіруге шешім шығарды

AstanaTV
20.04.2016ж. 20:00
1833
Қостанай соты олигархтан 300 мың АҚШ ақшасы көлемінде қарызын өндіруге шешім шығарды

Қостанай облысының ең ауқатты адамдарының бірі Василий Розинов Еуразиялық Даму Банкіне қарызын қайтаруы тиіс. Қостанай қалалық соты олигархтан 300 мың доллар көлемінде қаражат өндіру туралы шешім шығарды.

«Иволга -Холдинг» серіктестігі осыдан 5 жыл бұрын банктен 80 миллион АҚШ ақшасы көлемінде несие алған. Қаржы астық сатып алуға, өңдеу мен экспорттау мақсатына бөлінді. Алайда холдинг қомақты ақшаны қайтаруға асықпаған. Ақпанда банк өкілдері серіктестікті "банкрот" деп тану туралы экономикалық сотқа талап-арыз түсіреді. Бірақ ол қанағаттандырылған жоқ. Жуырда шағым қайта қаралды.

Айта кетейік, қарызын өтеуден қашқақтап жүрген олигарх Розиновқа шетелге шығуға тиым салынған. Себебі меншігіндегі «Пешков астық қабылдау кәсіпорны» серіктестігі Қазақстанның астық компаниясына 68 миллион теңге қарыз. 

Ләззат Байғожина, Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметкері:

Қостанай қалалық сотының шешімімен азамат Розиновтан Еуразиялық Даму Банкінің пайдасына кепілдік келісімшарт бойынша 300 мың доллар көлемінде қарыз өндірілді. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Заңғар САНАЙ