Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда дәрігерлер жұмыстан кеткен жоқ

AstanaTV
24.10.2019ж. 20:00
2150
Атырауда дәрігерлер жұмыстан кеткен жоқ

Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлері жұмыстан кеткен жоқ. Облыс әкімдігі «30 дәрігердің арызына қол қойылды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Дәулет НЫҒМЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 30 дәрігердің жұмыстан босатылғандығы жөнінде тарап жатқан ақпарат жалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ондай ақпарат таратқан жоқ. Қазір барлық дәрігерлер өздерінің орнында жұмыс істеп жатыр.
   

Естеріңізге салайық, аталған орталықтың бас дәрігері мен акушері бала өліміне кінәлі деген күдікке іліккен. Оларға қатысты қылмыстық іс әлі тергелуде. Алғашында тіршілік белгісін білдірмеген нәресте мұздату камерасына барғанда аяғын қозғаған. Бірақ бас дәрігер  «оны мұздату камерасында қалдыруға" бұйрық берген. Жаға ұстатарлық осы жағдайдан соң, науқастырдың дәрігерлерге сенімі жоғалды. Бұған шыдамаған ақ халаттылар жаппай жұмыстан кетуге арыз жазған болатын. 

Б. Надирқызы