$498.34 €519.72 ₽4.85
×

40 мыңнан астам елордалық тегін медицинадан қағылуы мүмкін

AstanaTV
24.10.2019ж. 20:00
2336
40 мыңнан астам елордалық тегін медицинадан қағылуы мүмкін

40 мыңнан астам елордалық тегін медицинадан қағылуы мүмкін. Өйткені олар әлеуметтік статусын тіркемеген.  "Nur Otan" партиясының жанындағы Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесте белгілі болды. Партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Қаналимов медицинадағы кемшіліктерге тоқталды. Сондықтан мамандарды жүйелі жұмыс істеуге шақырды. Орайы келгенде айта кетейік, әр азамат өзінің әлеуметтік мәртебесін халыққа қызмет көрсету орталығына анықтай алады.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Медицинадағы басты мәселе халықтың ұзақ уақыт кезекте тұруы. Жеке мамандардың да жетіспеушілігі байқалып отыр. Сондықтан, осы проблемаларды шешу өте өзекті болып отыр.


Ғ. Өтемісов