Негізгі / Жаңалықтар / Келер жылдың соңына дейін 880 ауыл кеңжолақты интернетпен қамтылады

Келер жылдың соңына дейін 880 ауыл кеңжолақты интернетпен қамтылады

Ел тұрғындары цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігіне шағымданды. Арызын арқалай келгендер "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауына келді. Олардың талап-арыздарын ведомство басшысы Асқар Жұмағаливтің өзі тыңдады. Жергілікті басқарманың қызметіне наразылық танытқан Рахат Итқұлова Тараз қаласынан арнайы келіпті. Оның айтуынша, өзі тұратын көпқабатты үйге тиесілі жерді бір кәсіпкер меншіктеп алған. Енді подъезден кіріп-шығуымыз қиындады деп отыр. Бизнесмен ол жерден құрылыс материалдарын сататын дүкен ашыпты. 72 пәтер иелері сотқа арыз жазғанымен, 2 жылдан бері бизнесменнің әрекетіне ешкім тосқауыл қоймай келген көрінеді.  Амалы таусылған тұрғындар енді министрліктен бұған араша болуын сұрап келіпті.

Рахат ИТҚҰЛОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:



Кімде қай жерде жазылған, мен білмеймін. Кандоминимумнің жерін алып қойып, жительден, 72 пәтерден. Ол алдап предпринимательге, мен мұндай берем, мынандай берем деп. Ештеңге сот біздің шығынымызды өтеп берген жоқ. Сонда біз қалдық предпринимательдің сөзін сөйлеп. Қайда сонда әділдік деген?!

Тараздық тұрғындардың арызын министр өз бақылауына алатынын айтты. Қол астындағыларға арнайы тапсырма беріп, әрекетсіздік танытқан жауаптыларды анықтаймыз, деді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына, ауылдық жерлердегі интернеттің жоқтығы мен сапасыздығына шағымданды.     

Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:



Біз болашақта ауылды елдімекендерді кең жолақты интернетпен  қамтимыз.  Мысалы, қазіргі таңда 3324 ауылды елдімекендерді кеңжолақты интернетпен біз қамтамасыз еттік. Осы жылдың ішінде, келесі жылдың аяғына дейін біз тағы да 880 ауылды елдімекенді кең жолақты интернетпен қамтимыз.

А. Мүтәлі