Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Nur Otan" партиясының қабылдауына келген азаматтар сот шешіміне қарсы

AstanaTV
29.10.2019ж. 20:00
2309
"Nur Otan" партиясының қабылдауына келген азаматтар сот шешіміне қарсы

Бас прокуратордың қабылдауына кіре алмаған қазақстандықтар бүгін "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауына келді. Олардың басым бөлігі сот шешіміне қарсы. Шымкенттік Күлзинат Кыдырбаеваның І топтағы ұлының атындағы жеке мүліктерін алаяқтар заңсыз жолмен сатып жіберіпті. Әбден ашынған ана Елімізің бас прокурорының қабылдауына бірнеше рет жазылғанымен, қабылдамайды деп шағымданды. 

Алтын ЖАНДОСОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жоғарғы соттың қаулысы бар. Облыстың апеллациялық хатының қаулысы бар. Ешқандай ол орындалмайды. Ал, бас прокурор Нұрдәулетов еш уақытта қабылдаған емес қабылдамайды да. Сендерменнен хат алмасу хат берісу бітті. Кірмейсіңдер дейді. 

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Василий Олейник, құқық қорғау органдарына және сот төрелігіне көңілі толмаған азаматтардың өтінішін жоғары билікке жеткізуге уәде берді.

Василий ОЛЕЙНИК , ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қабылдауға келгендердің бәрін тыңдап шықтым.  Мен осында айтылған барлық мәселені бас прокурордың өзіне жеткізуге барынша тырысамын. Қарастырылған мәселенің барлығы қиын. Әсіресе, машина ұрлығы бойынша түскен шағым қатты толғандырды. Бұл жағдайды Ішкі істер министрлігі мен бас прокуратура өз бақылауына алады.

А. Данияр