Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда "Jas Otan" жастар қанатының үздік мүшелері марапатталды

Алматыда "Jas Otan" жастар қанатының үздік мүшелері марапатталды

Алматыда үздік «Jas Otan-дықтар» марапатталды. Жастар жылы аясында «Жас генерейшн» форумы өтті. Оған 4 жүзден астам адам қатысты, басым бөлігі студенттер. Олардың барлығы соңғы жылдар ішінде партиялық жобаларға белсене қатысқан. Сондай-ақ, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға, ардагерлерге көмек көрсеткендер.

Мәди АХМЕТ, "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Яғни бұл жерде жастарға мотивация беру, жігерлендіру, рух беру. Яғни қарапайым адамдардың өмірлік бір тәжірибесінің негізінде кез-келген адам өзінің мамандығын сүйсе, өзінің мемлекетін сүйсе, патриот болса алға қойған мақсатының барлығына жетуге мүмкіндік алады.

Ә. Өмірзақ