$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Nur Otan» партиясының мүшелері елордалық шенеуніктерді жазалауды ұсынды

AstanaTV
30.10.2019ж. 20:00
2667
«Nur Otan» партиясының мүшелері елордалық шенеуніктерді жазалауды ұсынды

Берілген тапсырмалар орындалмаған жағдайда Нұр-Сұлтан әкімдігінің басқарма басшылары жазалануы мүмкін. Бұл туралы партия фракциясының отырысында «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары айтты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысын сынға алған Ерлан Қаналимов 42 мың елордалық өзінің әлеуметтік статусын тіркемегенін жеткізді. Енді олар келер жылы тегін медициналық көмектен қағылуы мүмкін,-деді. Ал, Еңбекті әлеуметтік қорғау басқармасы белгіленген межені толық орындамаған. Оларға 19 мың жұмыс орнын әзірлеу тапсырылғанымен, тек 14 мың тұрғынды ғана қамтып үлгеріпті. Тіпті оның мыңға жуығы уақытша мекемелерге орналастырылған.  Ерлан Қаналимов сала басшыларына баяндамамен шектелмей, нақты жоспар әзірлеуді тапсырды. 

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сала басшыларына айтылған ескертпелермен толық келісемін. Фракция отырысы бір тоқсанда бір-ақ рет өткізіледі. Қаланы дамыту бағдарламасын әзірлеуден бұрын, нақты сараптамалар жасап алу керек. Сонда ғана іс алға басады. Ал, бүгін нақты мәселелер мүлдем қозғалмады деп айта аламын.


Алматы полициясы ішкі істер министрлігіне жол қауіпсіздігінің шетелдік тәжірибесін қарастыру туралы ұсыныс жіберді. Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Төрехан Исин «Нұр отан» партиясының отырысында айтты. Исиннің айтуынша, биыл мегаполисте жол-көлік оқиғаларының өсуі тіркелген. Жазатайым оқиғалардың көбеюінің басты себебі - жылдамдықты шектен асыру. Алматыға Франция, Швеция сияқты елдерден сабақ алу керек. Олар жылдамдықты сағатына елу шақырымға дейін шектеу арқылы жазатайым оқиғалардың санын едәуір азайтқан көрінеді. 

Төрехан ИСИН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы Швецияның тәжірибесін ескере отырып, нөлдік өлім тұжырымдамасына сүйене отырып, қала аумағындағы жылдамдықты шамамен 50 км / сағ, ал қауіпті аймақтарда - 30 км / сағ дейін қарастыру ұсынылады. Біз барлық осы ұсыныстарды ішкі істер министрлігіне жібердік.

Жиында бұдан бөлек білім беру, энергия тиімділігі мен мегополистің инфроқұрылымдық дамуы мәселелері қаралды. «Алматы-2020» даму бағдарламасының орындалуын бақылау қалалық мәслихат депутаттарына жүктелген.

Мұрат ӘДІЛХАНОВ, АЛМАТЫДАҒЫ МАСЛИХАТТА ПАРТИЯНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі отырыс барысында «2020» бағдарламасының нәтижесін, орындау жүйесін тыңдадық, жұмыс бағытымен таныстық. Қай жерінде қалып бара жатыр, мезгілінен ертерек бітіп жатқанын көрдік. Қалалық полицияның есебін тыңдадық. Алматы қаласы - қауіпсіз қала. Жаяу адамдарға ыңғайлы қала. Алматыға шеттен қосылған аудандардағы мәселелер айтылды. Ол қарастырылады деп ойлаймын. Осы мәселелер шешімін табу үшін фракция жанынан комиссия құрдық.

Г. Утемисов