Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Астана LRT" ісіне қатысты 6 адам тергеуге алынды

AstanaTV
31.10.2019ж. 20:00
1573
"Астана LRT" ісіне қатысты 6 адам тергеуге алынды

"Астана LRT" құрылысына қатысты даулы істе 6 адам күдікке ілінді. Олардың қатарында әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері де бар. Бұл туарлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің екінші департамент басшысы Сергей Перов мәлімдеді.  Келітрілген шығын көлемі бір миллиардтан асып жығылады. Ол қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

Сергей ПЕРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕКІНШІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ:

Күдіктілердің қатарында 4 лауазымды қызметкер бар. Олардың бәрі әзірге бостандықта жүр. Бір ай ішінде арнайы сараптамалар әзірленіп, сотқа жіберіледі. Келтірілген шығын жан-жақты есептеліп жатыр.