Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қару-жарақ тәркіленген алматылық аса ауыр қылмысқа дайындалған, - ДП

AstanaTV
01.11.2019ж. 20:00
4903
Қару-жарақ тәркіленген алматылық аса ауыр қылмысқа дайындалған, - ДП

12 калибрлі екі шолақ және тегіс ұңғылы мылтықтар, карабин, 15 оқ-дәрі. Осынша қару-жарақ арқалаған алматылық аса ауыр қылмысқа дайындалған. Полиция осылай деді. Қылмыс неге өршіп тұр? Әріптесім Әсем Лесбекке, "Қорамсақ" қару-жарақ қауымдастығы қазір елде пневматикалық қару емін еркін саудаланып жатқанын айтқан.

Полиция заңсыз қаруларды "Думан" ықшам ауданынан тапқан. 27 жастағы ер адамды тінту кезінде оның «Ауди» автокөлігінен бірнеше мылтықтар мен оқ тәркіленген. Сондай-ақ күдіктінің қалтасынан пышақ та шықты,-дейді полиция.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қару-жарақты өзінің үйінде және автокөлігінде сақтаған 92 жылы туған Т. есімді азаматты құрықтаған. 00/26 Бұл азаамат аса ауыр қылмысқа бел буған екен, қарақшылық, шабуыл, тонау әркеттерін жасамақшы болған. Бірақ қылмыстық пиғылын жүзеге асырып үлгерген жоқ. Ұсталды.
 
Негізі атыс қаруларының саудасы бойынша Алматы бірінші орында тұр. Осылай деген «Қорамсақ» қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті, шаһарда лицензиязы жоқ мекемелер тапаншалар мен мылтықтарды оңды-солды сатып жатқанын айтты. 

Сергей КАТНОВ, «ҚОРАМСАҚ» ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Қылмыскерлер негізінен тапаншаға әуес кбледі. Қазір пневматикалық қарулар емін-еркін сатылады.  Әсіресе ғаламторда. Осыны шектеу керек. Қатаң талаптар қойылуы керек.

Айта кетейін, осы аптада қалаға арнайы іс-сапармен келген ел Президенті де, "Алматы-криминалдық қала" деген болатын.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Алматыда қылмыс пен жемқорлық деректері өршіп тұр. Мұнда бейнебақылау камераларын тек маңызы бар көшелерге ғана емес, аулаларға да орнату керек. Әрі жарықтандыру жүйесін мейлінше іске қосу қажет.

Мегаполиста кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыс та белең алған. Осыдан бір ай бұрын "Аққент" шағын ауданындағы мына жағдай соның бір дәлелі. 15 жастағы бозбала суық қарумен бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған еді. Бұл жағдай ауданда бірінші жасалған қылмыс емес дейді жергілікті тұрғындар

Досжан СУАНБЕКОВ, КОМПЬЮТЕРЛІК КЛУБТЫҢ АДМИНИСТРАТОРЫ:

Проишеиствиялар негізі көп болған ғой бұл жақта.  Бұзық балалар көп бұл ауданда. Жастар көп жүреді таңға дейін, сенбі-жексенбі күндері осы жақта жүреді. Тәртіп жоқ. Участковый келмейді.

Қалалық полиция департаменті болса, қару-жарақты сақтаған 27 жастағы күдіктіні уақытша оқшау абақтысына қамады.  Ал оның әрекетін қылмыстық кодекстің 287 бабы, 3-бөлігі бойынша қарастырып, тергеуді бастаған.  Оның бұрын бопсалау фактісі бойынша істі болғанын анықтаған.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Ал, табылған қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген. Яғни ол қарулардың бұрын қандайда бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталмақ.

Ә. Лесбек