Қазақстанда трактор, комбаин құрастыратын отандық зауыт іске қосылмақ. Оған қажетті құрылыс материалдар Қытай арқылы жеткізіледі. Мұндай жобаны аспан асты елінің ішкі нарығын әбден зерттеген қандасымыз ұсынып отыр. Жұмыстар "Nur Otan" партиясының қолдауымен іске асады. Партия бұдан өзге де тың жобаларын таныстырып жатқан қазақстандықтарға қолдау көрсетіп жатыр.
56-жастағы кәсіпкер Қазақстанға біржолата көшіп келген. Ол әуелде отандық ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға жеткізіп, біраз уақыт сауда-саттықпен айналысыпты. Тірніктеп жиған қаржысына қазір егіншілікке арналған көліктерді сата бастаған. Қазір қожалығында өзі сияқты Қытайдан келген қандастар жұмыс істейді. Кәсіпкердің айтуынша, бұл істі дөңгелетудің өзі ауыр болған.
Дүйсенқожа ШЫМЫР, КӘСІПКЕР:
Бұл жерде бұрынғы машина тракторлардың барлығы, бұрынғы совет үкіметі уақытындағылар. Көнеріп кеткен. Ал жаңа тракторлердің бағасы басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте қымбат. Осы жаққа келгеннен кейін жұмыс жүргізу оңай емес екен, бұл жақта біздің ешқандай байланысымыз жоқ. Бұл жақта ферма ашып көрмедік, жұмысымызда көп кедергіліктер болды. Ал осы кедергіліктерді шешу үшін мен "Nur Otan" кірдім.
Кәсіпкер партияға ауыл шаруышылығына қажетті транспорттарды құрастыратын зауыт ашу жобасын ұсыныпты. Қажетті материалдарды Қытайдан жеткізбек. Шаруаның ұсынысын қолдаған нұротандықтар ол үшін арнайы жер де бөліпті. Кешенді жұмыстар келесі жылы басаталады. Партия әр өңірдегі орталық алаңдар сәнін келтіретін қазақи нақыштағы архитектураның да салуына атсалыспақ. Оны Көкшетау тұрғыны Сәкен Мүжібаев ұсынып отыр. Ол арнайы QR-коды орнатылған тың жоба. Кез-келген адам арнайы қосымша арқылы жергілікті мекеннің географиясы мен тарихы жайлы ақпарат ала алады,-деді өнертапқыш.
Сәкен МҮЖІБАЕВ, ЖОБА АВТОРЫ:
Жобаға демеушілер іздеп жатырмыз. Мұндай сәнді киіз үйді кез келген қаладағы саябақта орнатуға болады. Бұл арқылы әрбір адам Қазақстанның әр өңіріне саяхат жасағандай күй кешеді. Демек, туристік бағыт та жанданады деген сөз. Екінші жағынан ол танымдық жоба. Егер мұндай архитектуралық форма аллеяда тұрса, онда оқушыларға географияны, тарихи тұлғаларды оқулықпен емес, осындай жолмен де жеткізуге болады.
Сәкен Мүжібаевтың айтуынша, конструкция қарапайым әрі шығынсыз. Қазір Ақмола облысының туризм басқармасы жобаға қызығушылық танытып отыр. Зеренді ауданында құрылыс жұмыстары басталып та кеткен. Жоба авторы ұлттық нақыштағы жаңашылдық арқылы жастардың патриоттық сезімін арттырғысы келетінін жеткізді.
А. Мүтәлі