$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Латын әліппесінің жаңа нұсқасы таныстырылды.

AstanaTV
14.10.2017ж. 20:00
1771
Латын әліппесінің жаңа нұсқасы таныстырылды.

Апта басында Мемлекет басшысына қазақ әліпбиінің латын қарпіндегі жаңа жобасы көрсетілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әлемнің бірде-бір мемлекеті өзінің әліпбиін еңгізуде барлық халықпен ақылдасқан жоқ, біз сияқты. Талқылауға барлық өнірлер, қоғамының барлық топ өкілдері қатынасты. Президент әкімшілігіне 300-ден астам, үндеу мен ұсыныстар келіп түсті, елден. ¤Қабылдайын, шешейін деген нәрсеміз - бұл үлкен тарихи шешім. Тілсіз ел болмайды. Мемлекет болмайды, өзінің тілісіз. Сондықтан өзіміздің мәңгілік тілімізді жасау-біздің пешенемізге жазылған зор бақыт. Ол Тәуелсіздіктің арқасы!

Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері таныстырған нұсқада диграф-тар жоқ. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне тән дыбыстар дәйекші белгілер - апострофтармен бейнеленген. Диграфтартарға көпшілік қарсы болған...Жұмыс тобының мүшелері дайындаған нұсқасын түсіндіріп жатыр. Мысалы, нұсқада «ю» мен «я» дыбыстарының неге жоқтығын.

Әлімхан Жүнісбек,  А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері:

«Я» дегеніңіз -қазақтың екі дыбысының тіркесі. Ал енді «ю» дегеніңіз - қазақтың үш дыбысының тіркесі. Сондықтан алдағы уақытта әдістеме, оқулық арқылы түсіндіре отырып, осылай таратып жазатын боламыз. Сонда қазақ тілінің буын құрамы бұзылмайды. Үндестік әуезі, морфема құрамы бұзылмайды.

Апострофтардың қайсібіріне - әріп шекесіне үтір қоюға да қарсылар бар. Дәйекті аргументтері бар. Мәселе – талқылаудың жалғасуында болса керек. Әйтсе де Президенттің тапсырмасы бойынша, қазақ әліпбиінің латын графикасындағы біріңғай стандартты жылдың соңына дейін қабылдау керек...