«Ерекше фото» айдары.
Осы аптада Daily Mirror басылымына сілтеме жасап, ақпарат құралдары мына фотоны
жариялады. Оңтүстік Кореяға барып пластикалық операция жасатқан үш қытай
келіншегі, мүмкін күйеуге тимеген қыздар, қайтар жолда төлқұжат бақылауынан өте
алмаған. Олардың жаңа түрлері құжаттарындағы фотоларына ұқсамай қалған.
Пластикалық хирургия «меккесі» саналатын Оңтүстік Кореяға қыз-келіншектер
Қытайдағы алтын күз апталығында барған. Демалыс бір-ақ жұма, қалпына келіп
үлгермеген. Олардың әуежайда қанша сағат отырғандары хабарланбайды. Ісіктері
қайтар-ау, бірақ жақындары танымай қалса ше?...