Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжарлық полицейлер бензиннің литрін 185 теңгеден сатып алуды жоспарлап отыр

AstanaTV
13.10.2017ж. 20:00
2298
Қызылжарлық полицейлер бензиннің литрін 185 теңгеден сатып алуды жоспарлап отыр

Қызылжарлық полицейлер бензинді 185 теңгеден сатып алуды жоспарлап отыр. Қалалық ішкі істер басқармасы, өз иелігіндегі 100 қызметтік көлікті сұйық отынмен қамту үшін, мемлекеттік сатып алу порталында байқау жариялаған. Тәртіп сақшылары АИ-92 маркалы жанармайдың құнын қазір нарықтағыдай 152 теңгеден емес, 185 теңге деп белгілеген. Олар бұл әрекеттерін бензин бағасының тұрақсыздығымен түсіндіреді. Айтуларынша, байқау аяқталғанға дейін шикізат құны күрт өзгеруі мүмкін. Ал егер де жанармай операторлары төмен бағаны ұсынса, онда қалған қаражатқа қосымша бензин сатып алынбақ. Ішкі істер басқармасының мамандары жарияланған бағаның заңды екенін облыстық қаржыны бақылау басқармасына дәлелдеп берсе керек. Ал полицейлердің көлігін жылдың аяғына дейін сұйық отынмен қамтуға 13 миллион теңге бөлінген.

Сән Жұмағазина, СҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері:

АИ-92 жанармайына 185 теңгенің қойылуы бүгінгі таңдағы бензин бағасының ауытқуына байланысты. Сонымен қатар бұл ашық түрдегі конкурс жылдың аяғына дейін жанар-жағармайға бөлінген 13 миллион теңге қаржыны игеруге байланысты. Ашық конкурстың нәтижесі жеткізушілерден ең төмен бағаны кім ұсынады, конкурс бойынша сол жеткізуші жеңіп алады.

Абзал ҚҰРМАНКИН