Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Студенттердің 45 пайыздан астамы жемқорлыққа өздері барады

AstanaTV
04.11.2019ж. 20:00
2379
Студенттердің 45 пайыздан астамы жемқорлыққа өздері барады

Жоғары оқу орнында студенттердің 45 пайыздан астамы жемқорлыққа өздері барады. Бірі шәкіртақысынан айырылып қалмас үшін, екіншісі сабаққа қызығушылығы болмағандықтан осылай жеңіл жаба салуды әдет қылған. «Jas Otan» жастар қанаты өткізген «Таза сессия» жасырын сауалнама нәтижесі осындай. Еске сала кетсек, 18-ші қазан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет, «Nur Otan» партиясы және Мәжілістегі партия мүшелерімен жиналыс өткізді. Онда партиялық бақылау комитеті мен жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңесінің жұмысын күшейтуді де тапсырған еді.

Дәулет КӘРІБЕК, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әрбір 8-ші студент осы жемқорлық фактілері бар деп айтса, әрбір 12-сі ол фактілермен бетпе-бет кездескенін айтып өтуге болады.  Осы сауалнама мәселелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің отырысында көтерілді және тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді.

Ә. Өмірзақ