Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Биткоин бағамы жаңа рекорд орнатты

AstanaTV
13.10.2017ж. 20:00
2181
Биткоин бағамы жаңа рекорд орнатты

Бүгін биткоин бағамы жаңа рекорд орнатты. Бір күнде 800 долларға көтеріліп, 5800 АҚШ ақшасынан асып түскен. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады. Сoindesk.com мәліметінше, сауда кезінде криптовалюта 5856 долларға дейін көтерілген. Алайда электронды валютаға сенім жоқ. Қыркүйекте 5 мың көкқағазға жеткен еді. Қытай криптовалюта нарығын қатаң бақылауға алған өткен айдың ортасында бірден 3 мың долларға түсіп кетті.

Дегенмен Brigth басылымы бұл жолғы биткоин құнының қымбаттауы Қытай үкіметі криптовалюта көмегімен инвестиция тарту операциясын шектеуді алып тастауы мүмкін деген мәлімдемесімен байланысты болуы мүмкін деп жазады. Жапония биыл оны заңды төлем құралы деп тапса, Ресей Қаржы министрлігі мұны қаржы пирамидасы деп, еркін саудаға тыйым салуды ұсынды.