Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Квазимемлекеттік сектордағы қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек - Ә.Байменов

AstanaTV
13.10.2017ж. 20:00
2866
Квазимемлекеттік сектордағы қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек - Ә.Байменов

Квазимемлекеттік сектордағы қылмыстық жауапкершілікті күшейту қажет. Ондағылар жемқорлық үшін мемлекеттік қызметкер ретінде жазалануы тиіс. Жемқорлыққа қарсы қоғамдық тыңдауда Әлихан Бәйменов осындай ұсыныс білдірді. Айтуынша, бүгінде квазимемлекеттік сектор жемқорлық қылмыс үшін жекеменшікпен пара-пар жауап береді. Олардың қазына қаражатына құрылғаны ескерілмейді, дейді.

Әлихан Бәйменов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы:

Квазимемлекеттік сектор мен ұлттық компаниялар халықтың, мемлекеттің қаржысын жұмсайтын болған соң, оны бөлек қарап, оны мемлекеттік қызмет саласындағы жауапкершілікпен қылмыстық заңнамада да толық теңестіру керек. 

Бәйменов заңнамаға бірнеше бағытта өзгеріс енгізу қажет дейді. Мүдделер қақтығысы туралы заңды жетілдіруді ұсынды. Қазіргі жанармай дағдарысы да соның кесіренен болуы мүмкін, дейді. Және әкімдіктердің қоғамдық игліктерді үлестіру кезінде ашық, жариялы жұмыс жүргізуі де маңызды, - деп атап өтті.

Әлихан Бәйменов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы:

Мемлекеттің қатысуымен салатын пәтерлер, бала-бақша, мектепке орналастыру туралы кезек адамның қатысынсыз, лауазымды тұлғаның қатысуынсыз автоматты түрде жылжып отырса, жария жылжып отыратын жүйе қалыптасса, бұл сол саладағы сыбайлас жемқорлықты азайтатыны сөзсіз.