$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мектептегі даудан кейін ақтөбелік мектеп директорына сөгіс берілді

AstanaTV
13.10.2017ж. 20:00
3304
Мектептегі даудан кейін ақтөбелік мектеп директорына сөгіс берілді

Мектептегі даудан кейін ақтөбелік білім ордасының директорына сөгіс берілді. Ол мектептегі жиналыста ата-аналардың өзара дауласуына жол бергені үшін кінәләніп отыр. Естеріңізга салсақ, қыркүйек айының соңында номері 22-інші мектептегі ата-аналар жиналысының соңы үлкен айқайға ұласқанын айтқан едік. Бұл жиында мектеп бөлмесіне парта сатып алып беру жайы сөз болған. Ата-аналардың бірі оған түбегейлі қарсы шығады. Алайда балаларының жаңа партада отырғанын қалаған басқалары ақша жинауға келісіп, мектеп директорын жақтап шыққан. Бұл дауға қалалық білім бөлімінің басшылығы араласуға мәжбүр болды. Нәтижесінде, білім беру нысанында келеңсіздікке жол бергені үшін директорға сөгіс берілген. Бірақ сынып жетекшісі мен директордың ісінен ақша жинау дерегі анықталмапты. Себебі қаржы жинау идеясын ата-аналардың өздері көтерген көрінеді.

Айнұр Жасақбаева, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бас маманы:

«Номері 22-інші орта мектеп директоры Алдиярова Айгүл Тельмановнаға бүгінгі таңда білім беру мекемесінде келеңсіз жағдай тудыруға жол бергені үшін ҚР «Еңбек кодексіне» сәйкес сөгіс жарияланғанын хабарлаймыз. Директор қызметінде 5 жылға жуық жұмыс атқарып келеді. Мінездемесі жақсы, жоғары білімді маман, жоғары білімді педагог».