$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астананы мазалаған көлік және тазалық мәселесі елордалық акселераторда шешімін таппақ

AstanaTV
06.11.2019ж. 20:00
1900
Астананы мазалаған көлік және тазалық мәселесі елордалық акселераторда шешімін таппақ

Ел астанасындағы көлік және тазалық мәселелері "Акселератор Нұр-Сұлтан" бағдарламасында шешімін таппақ. Бағдарлама екі ай бұрын іске қосылды. Жоба аясында қаладағы проблемаларды шешу ісіне, тұрғындардың өздері ат салыса алады. Салаға жауапты мамандардан өзге қала тұрғындарының да ұсынысы ескеріледі. Бұқараны алаңдатып отырған 48 мәселе бар. Соның ішінде ең өзекті үш бағыт таңдалды. Бұл - қоғамдық көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қаланың тазалығы. Айта кетейік, астаналық әкімдік мұндай тәжірибені Қазақстанда алғаш рет қолданып отыр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында халықпен кері байланысты жандандыру қажеттігін айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев та мемлекет ең алдымен өз азаматтарын естуі тиіс екендігін айтып жүр.

Ержан ЖАРКЕШОВ, САРАПШЫ:

Бұл бастама шетелде апробациядан өткен әдістеме. Халықпен жұмысты ұйымдастыру мәселесі басқа деңгейде болады.

Акселератор билік пен қала тұрғындарының әлеуметтік серіктестігін жемісті етуді көздейді. Топ мүшелері аптасына бір рет жиналады. Кездесулер "SeedSpace Nur-Sultan" инновациялық алаңында өтеді.

Ержан ЖАРКЕШОВ, САРАПШЫ:

Нақты ұсыныстар болса тұрғындардан, сарапшылардан, біз қалалық акселераторға шақырамыз. Бірге атсалыссын, біз ашық түрде жұмыс істейміз. Тұрғындардың, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастама деп біле аласыздар.

Ә, Өмірзақ