Медициналық көмек дер кезінде көрсетілгенде, шымкенттік екі бүлдіршін аман қалар ма еді?! Қос құлынынан қапыда айрылып қалған ата-ана, дәрігерлердің салғыртығын сынға алды. Олардың ақ халаттыларға өкпесі қара қазандай. Алғашқы шақыртуға келген жедел-жәрдем қызметінен бастап, ауруханадағы қағазбастылық пен сұрақ-жауап, онсызда қиын жағдайды ушықтырды деп отыр. Қара жамылған отбасына барып көңіл айтқан әріптесім Айзада Төребекқызы жалғастырады.
Қапыда екі баласынан айрылып, қара жамылған Тасболатовтар отбасы болған жағдайға көндіге алар емес. Артық пен Арайлымның бір қыздан кейін аңсап көрген Аңсар ұлдары қарашаның 15-іне 4 жасқа толатын еді. Ал сүп-сүйкімді кенжелері Мирас - он айлық қана. Аналарының айтуынша жедел-жәрдем қызметкері балалар дұрыс қарамаған.
Арайлым БОТАЕВА, АНАСЫ:
Түнгі сағат 3:40 кеткенде скорыйды шақырдым, мен скорый шақырғанымда үш баламның ауырып жатқанын айттым. Фельдшердің алдында мен өзім де құстым. Мен 10 айлық балам да қалай құсты, темный запыран құсты, оны да көрді, көрмеді емес, сол сондай отказ жазып бергенімізге риза болды да шығып кетті. Болды.
Жағдай ушыққан соң отбасы екінші рет жедел-жәрдем шақыртқан. Бірақ алғашқы көмек жасауға міндетті дәрігерлер науқастарды әуелгіде аурухана алып кетпеді дейді.
Артық ТАСБОЛАТОВ, ӘКЕСІ:
На самом дело рвота қайталап до года кішкентай, хоть екі жасар болсын они были объязаны алы кетуге міндетті түрде. Біздің даже бірінші келген скорая біздің отказ жасап үйтеміз бүйтеміз дегенге қарамай олардың да басы екеу емес қой, -жоқ, біздің бұл міндетіміз, алып кетуіміз керек- деп алып кетуі керек еді.
«Түшпараны» бұл отбасы жұма күні кешкі асқа пайдаланған. Жартылай дайын өнімді, сенбі күні жылытып ішкен. Отағасы газ ашық қалды деу қисынсыз. Ешқандай бөгде иіс болмады дейді.Бірақ тұшпарадан күдіктенеді.
Артық ТАСБОЛАТОВ, ӘКЕСІ:
Пельменді соңғы асымыз болды. Единственный айтып отырм ғой, балдызым жемеген еді да. Ол дін аман, ешжері неғымады. Возможно содан болуы мүмкін шығар деп ойладық.
Медициналық сараптамалар әлі дайын емес. Дегенмен бұл жағдайда дәрігерлердің салғырттығы да өлім себеп болды дейді. Жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілгенімен, көмек дереу көрсетілмеген. 10 айлық сәби таксикология бөлімінде анасының қолында жан тапсырған.
Арайлым БОТАЕВА, АНАСЫ:
Менің ренішім инфекционный больницадағы врачтарға. Өйткені олар жағдайды сұраумен- ақ уақытты өткізді. Барлық нәрсе уақытқа кеп тірелді сол кезде. Екіншісі бағанағы кариянкада. Мен оған бір рет емес үш рет айттым. Менің балам че то қиналып жатыр, ұнамай жатыр ауасы мына жердің деп қанша рет айттым.
Артық Тасболатов сатып алған тұшпараның қалташа сыртында көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып көрдік. Алайда серіктестікпен байланысу мүмкін болмады. Айта кетейік, санитар мамандар бұл отбасының тоңазытқышынан басқа да азық-түліктерді сараптамаға жіберген. Әл-әзір ешбірінің қорытындысы шыққан жоқ. Санэпидемиологтар сондай-ақ, көрсетілген медициналық қызметтің сапасын да тексеретін болады.
Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Егер медициналық қызметкерлер тарапынан жіберілген ақаулықтар болатын болса оның барлығына әкімшілік шара көріліп, тиісті шара қолдану үшін қаланың денсаулық сақтаубасқармасына жіберіледі.
Бір отбасының уланып, екі бірдей бүлдіршіннің қыршын кетуіне нақты не себеп болғаны әлі анықталған жоқ. Қос құлынынан айрылған ата-ана кінәлілер белгілі болса тиісті жазасын алуын талап етуге бел буған.
А. Төребекқызы