Негізгі / Жаңалықтар / «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу басталды

«Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу басталды

«Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу басталды. Жоба елдің 14 облысында пилоттық негізде іске асып жатыр. Осы орайда бүгін Маңғыстаудағы Мұнайлы аудандық филиалында партияға үмікер азаматтардың алғашқы пікірсайысы өтті. Олар өздерінің әр саланы дамыту бойынша дайындаған тың жобаларын ұсынды. Іріктеу 3 кезеңнен тұрады, оған жасы 20-дан асқан елдің кез-келген тұрғыны қатыса алады. Үздік идея авторлары «Nur Otan» партиясының мүшесі атанып, қажетті салаларды дамытуға үлес қоспақ.  

Мұқанжан КАМАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Партияда жоқ, бірақ өзінің потенциалы бар, ойы бар, өзінің осы ауданымыздың, өңіріміздің даумына өзінің үлесін қосамыз деген әрбір азаматты біз шақырдық. Себебі көзге көрінбей жүрген азаматтар болуы мүмкін. Міне, бүгінгі таңда осы жастарымыз келіп, қазір 49 кадидатымыз тіркелді.   

А. Асқар