Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Басына кірпіш құлап,денсаулығынан айрылған Қостанай тұрғыны кінәлі тарапты таппай жүр

AstanaTV
12.11.2019ж. 20:00
2532
Басына кірпіш құлап,денсаулығынан айрылған Қостанай тұрғыны кінәлі тарапты таппай жүр

Төбеден төнген қауіп. Басына кірпіш құлап, денсаулығынан айрылған Қостанай тұрғыны жарты жылдан бері кінәліні таппай жүр. Оқыс оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс те бірнеше рет доғарылып, кейін қайта жалғасқан. Зардап шегуші Айгүл Көбекова жеке пәтер иелері кооперативін айыптап отыр. Ал кооператив төрағасы дүлей дауыл құлатқан кірпішке еш қатысымыз жоқ,- деп ақталды. Тараптарды Заңғар Санай тыңдады.

Оқиға алты ай бұрын облыс орталығындағы Гашек көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің ауласында болған. Төбеден құлаған кірпіш 41 жастағы Айгүл Балтабайқызының басына түсіп, есінен тандырған. Басы жарылып, көп қан жоғалтқан.

Айгүл КӨБЕКОВА,ЗАРДАП ШЕГУШІ:


4 күн бойы реанимацияда жаттым.19 күн жатып шықтым. Бірінші құдайға, екінші анама рахмет. Енді зардабы қалды .Басымдағы череп сломанный деп айтқан. Ешкімде өзінің несін алғысы келмейді мойнынна. Өзімнің ИП-ым болғанда жекеменшік. Оны жабуға тура келді. Салқын кезде тұра алмаймын да.


Денсаулығына байланысты Айгүл Көбекованың көк базардағы саудасы тоқтап тұр. Жұмысқа шықпаған соң жалдамалы үй мен несиенің ақшасын төлей алмай отыр. Зардап шегуші жеке пәтер иелері кооперативін кінәлайды. Айтуынша кооператив дер кезінде үйдің төбесін жөндеп, сылағы кеткен қабырғаны қалпына келтірмеген. Алайда төраға төбеден құлаған кірпішке қатысымыз жоқ дейді.

Константин КРЮЧКОВ, «НАДЕЖДА» ПИК ТӨРАҒАСЫ:

 
Сол күні қатты дауыл жел соқты. Тіпті жуандығы 10 сантиметрлік  ағашты опырып кетті. Ағашты құлатқан дауылға құм сылақ түк емес ғой.

Сапасыз салынған құрылыс» бабы бойынша полицейлер мамыр айында сотқа дейінгі тергеу бастаған. Кейін қылмыстық іс доғарылыпты. Бірақ  жуықта тергеу қайтадан жалғасты  дейді,-департаменттің баспасөз хатшысы.

Ирина БЕЖЕНАРЬ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ  ХАТШЫСЫ:
 
Аталған факті ҚР ҚК 278 бабы бойынша тіркелген, сотқа дейінгі тергеу жалғастыруда. Қазіргі уақытта қосымша сараптамалар тағайындалды.


Кірпіштің кесірінен денсаулығынан айрылған Айгүл Көбекова кінәлі тарап анықталса, екі миллионнан астам моральдық және материалдық шығын өндіріп алмақ.

З. Санай