Негізгі / Жаңалықтар / Елордада қоғамдық көлік пен трактор соқтығысып, 7 адам зардап шекті

Елордада қоғамдық көлік пен трактор соқтығысып, 7 адам зардап шекті

Елордада автобус пен трактор соқтығысып, 7 адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз өкілдері хабарлады. Жол-көлік оқиғасына трактор жүргізушісінің ережені бұзуы себеп болған. Оқиғаның мән-жайына қаныққан әріптесім Асылбек Даниярдың материалында.

Апат кезінде автобустағы 5 жолаушы мен 2 жүргізуші жарақат алды. Зардап шеккендер жедел түрде №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Травматология бөліміне түскен 6 адам тексерістен өтіп, амбулаторлық ем алуға жіберіліпті. Оның ішінде көлік тізгіндегендер де бар. Ал бір жолаушының жағдайы ауыр. 

Алекесей СОЛОД, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Таңертең 10-да оқиға орынан 7 адам жеткізілді. Оның 6-ауын үйіне босаттық. Сүйек жарақатын алған 1 науқасты  политравма бөліміне жатқыздық. Жағдайы орташа ауыр. Қазір емделушіні операцияға дайындап жатырмыз.

Жол апаты таңертеңгі қарбаласта Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған. Трактор жүргузіші көлік бағытын бұрмақ болғанда қарсы бағытта келе жатқан №40-нші жолаушылар автобусына соғылған көрінеді. Осылай деген "Astana LRT" компаниясының өкілдері жол апатына трактор жүргізушісін кінәлап отыр. 

Әлия ЖАРҚЫБЕКОВА, "ASTANA LRT" ЖШС ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БАС МЕНЕДЖЕР:

Бұл жол-көлік апатын жіберген трактор жүргізушісі. Солға бұрылған кезде автобусты өткізбеді. Содан автобуспен соқтығысты. Соқтығысқан тағы да трактор газел микроавтобусын соқты.

Трактор қала тазалығына жауапты компаниялардың біріне тиесілі. Қазір полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.

Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жол көлік оқиғасы бойынша, полиция қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша бір профессионалдық шешім нақты қабылданатын болады.

А. Данияр