$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Н. Назарбаев: Бомба ұстап, қорқып отырғанша еліңді дамытқан абзал

AstanaTV
12.11.2019ж. 20:00
2104
Н. Назарбаев: Бомба ұстап, қорқып отырғанша еліңді дамытқан абзал

Бомба ұстап, бәрінен қорқып отырғанша, еліңді дамытқан абзал. Сондай-ақ, ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит өткізіп, әлем мемлекеттері мәмлеге келетін одақ құру қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Club» пікір-сайыс алаңында осындай ұсыныс білдірді. Әлихан Асқар баяндайды.

1 айда 7 қуатты зымыранды сынақтан өткізген Пхеньян әрекеті әлем назарында. Ол Еуразияға және Оңтүстік Кореяға қауіп төндіруі мүмкін. «Астана клуб» пікір-сайыс алаңында көпті алаңдатқан мәселе осы. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Солтүстік Корея айналасындағы шиеленістің шешімі ретінде - аталған мемлекеттен ядролық бағдарламасын тоқтату жөнінде кепілдік алуды ұсынамын. Бұл бағыттағы жұмыстармен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері айналысады деген сенімдемін.

Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы саяси шиеленістер әлемдік экономиканың дамуына да кедергі келтіреді. Сондықтан Қазақстан бітім алаңын ұсынбақ. 

Дмитрий САЙМС,  САЯСАТТАНУШЫ:
 
Корея, Ауғанстан, Иран сияқты мемелекеттердегі дадарыс өзгелерді де әлсіретеді. Осы орайда сөзге тоқтап, мәмлеге келетін одақ құру бастамасы орынды.  

Иран мен АҚШ арасындағы геосаяси жағдай да өзекті. Еуропа және Батыс мемлекеттерінің санкциясынан соң Иран уран байыту деңгейін 20%-ға дейін арттырып жіберді. Саясаткерлер бұл жалғаса берсе, Парсы шығанағындағы жағадай ушығады дейді.
    
Мохаммад ДЖАВАД, ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біз қаруланған сайын өзімізді қауіпсіздікте өмір сүріп жатырмыз деп ойлаймыз. Мен 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған террорлық оқиғадан кейін ол елге жұмыс сапарымен бардым. Сол кезде Нью-Йорктегі халықтың көзінен үрей көрдім. Сондықтан, қарулануға ең көп қаржы салатын қуатты державаның өзі қауіпсіздікті сатып ала алмайды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекетті қарумен қорғап қаласың ба, әлде құртып аласың ба, белгісіз. Сондықтан, болашағы баянды болатын қадам жасау қажет. Қолға бомба ұстап алып, бәрінен қорқып отырғаннан, инвестиция тартып, елді дамытқан абзал.


Форум соңында Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит өткізуді ұсынды. Осылайша, әлемді алаңдатқан мәселелерді Қазақстанда бейбіт жолмен шешу жоспарланып отыр.

Ә. Асқарұлы