Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодарда өкпенің қабынуынан қайтыс болған тұрғынның өліміне марқұмнның жақындары фельдшерлерді кінәлап отыр.

AstanaTV
12.11.2019ж. 20:00
1748
Павлодарда өкпенің қабынуынан қайтыс болған тұрғынның өліміне марқұмнның жақындары фельдшерлерді кінәлап отыр.

Павлодарда өкпенің қабынуынан қайтыс болған тұрғынның өліміне марқұмнның жақындары жедел жәрдем фельдшерлерін кінәлап отыр. Олардың айтуынша, 53 жастағы ер адам үйінде дене қызуы көтеріліп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бірақ олар диагноз қоя алмады деп отыр. Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Марқұмның қарындасы Жанар Аламанова ағасының өліміне ақ халаттыларды кінәлайды. Өйткені ыстығы көтеріліп, жедел жәрдем шақырғанда, фельдшерлер оған нақты диагноз қоя алмапты. Оның үстіне екі күн қатарынан жәдел жәрдем шақырған. Бірақ медицина қызметкерлері ауруханаға апарудан бас тарқан көрінеді.

Жанар АЛАМАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:


Неге ауруханаға апармайсыздар, неге ештеңе жасамайсыздар деп айтқанда, бізге басшыларымыз ұрсады. Біз тек қиын жағдайларда ғана апармыз деп айтқан. Бірақ, бұл жағдай өте қиын. Өйткені ентікпесі болып, әзер отырып, әзер тұрып жатқан кісіні. Қоған диагноздары ОРВИ деп қойды. Бірақ, онысы дұрыс емес.

Екі күн ауырған науқас сол күні кешкісін үйінде жан тапсырған. Мәйітке сараптама жасаған мамандар, оның екі бірдей өкпесінің қабынғанын айтыпты.

Жанар АЛАМАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:


Жедел жәрдемнің соңынан учасковый врач жергілікті дәрігер келген. Ол дәрігер келіп, өкпесін естігінде бірден вланжные хрипи, пневмания бірден анықтап, он күндік емдеу шараларын жазып, екі антивиотик емдеу қағаз беріп, укол қойды да, сосын направление берді. Егер одан да қатты ауырып жатса, жедел жәрдемді тағы да шақырарсыздар деді. Бірақ, ағам укол қойғаннан кейін кішкен жеңілдеп, антибиотиктің екінішісін қойғанша көз жұмды.


Ал облыстық жедел медициналық көмек станциясының дәрігерлері науқастан өкпе қабынуы байқалмағанын айтады. Ал науқастың өзі емханаға барудан бас тартты деп отыр. Бұл іске байланысты арнайы комиссия құрылып, медицина қызметкерлерінің әрекетін тексерген. Бірақ дәрігерлер тарапынан қателік табылмапты. 

Ирина МИЩЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК СТАНЦИЯСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық шақырулар да ешқандай кешігу болған жоқ. Науқасқа біздің қызметкерлер керекті барлық ем-дом шарасын жасады.  Біздің міндетімізге кіретін  қызмет көрсетуде ешқандай оқылық болмаған. Сондықтан, тексеріс бойынша біздің бригадаға ешқандай ескерту тағылған жоқ.

Алайда қапыдағы қазаға қабырғасы қайысқан марқұмның туыстары дәрігерлер қорытындысымен келіспейді. Олар бұл іске Денсаулық сақтау министрлігінің араласуын сұрап отыр.

Ө. Қуанар, Ә. Лесбек