$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Кентау қаласының тұрғыны 7 айдан бері атаулы әлеуметтік көмек ала-алмай отыр

AstanaTV
12.11.2019ж. 20:00
3058
Кентау қаласының тұрғыны 7 айдан бері атаулы әлеуметтік көмек ала-алмай отыр

Түркістан облысының тұрғыны 7 айдан бері атаулы әлеуметтік көмек ала-алмай жүр.  Редакцияға Кентау қаласынан хабарласқан Эльмира Аманқұлова жәрдемақы алу үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмағанын айтады. Құзырлы мекеме мамандары оған жәрдемақы тағайындалды деп сендірген. Тіпті 1 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылғанын жеткізіпті. Алайда сан-саққа сабылған ана әлі күнге дейін соқыр тиын да алмаған.

Эльмира АМАНҚҰЛОВА, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Барсам, еш жерде мүмкіншілік бермей жатыр. Әкімшілікке де бардым. Кезекке тұрдым. 1 млн 61 теңге тағайындалғанын компьютерден көрсетті. Не үшін аз екенін білуге болады ма? - деп сұрадым. Қалай тағайындалғанын сұрадым. Әркімге әрқалай түседі деді. Бірақ, оның өзін алмадым.

Өкінішке орай, шенеунік әу бастан-ақ бұл мәселеге қатысты жауап беруге құлық танытпаған еді. Бірақ біз телефон арқылы жауапты маманның пікірін жазып алғанбыз. Ол жәрдемақы не үшін төленбей келгенін ашық айтпады. Қазір жауабына құлақ түрейік.

Дәуірхан АСЫЛБЕКОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол кісі августте өтініш берген екен бізге. Август, сентябрь, октябрь үш айдікін осы қараша айында төлеп береміз. Қараша және желтоқсандікін қарашаның соңында төлеп береміз.

Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Сондай-ақ, "Астана" телеарнасы көрермендеріне репортер болу мүмкіндігін ұсынады. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдаңыз.

Ғ. Өтемісов