Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлап, мәйітін өртеп жіберген қылмыскерге жаза кесілді

AstanaTV
13.11.2019ж. 20:00
2770
Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлап, мәйітін өртеп жіберген қылмыскерге жаза кесілді

Жамбыл облысында 8 жастағы қыз балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, мәйітін өртеп жіберген азғын, қалған өмірін абақтыда өткізетін болды. Сот бүгін қылмыскерге осындай жаза кесті. Сондай-ақ оған химиялық кастрация жасалмақ.  

Айдарбек ЗАМБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Сексуалды сипаттағы іс әрекетін ол мойындамады. Қаншама дәлелдеме ұсынса да ол мойындамады. Қызды өлтіргенін мойындады. Өлтірген кезде қылқындырып өлтірдім деп көрсеткен. Сарапшылар ұрып өлтірген деп бірауыздан айтты.

Жаға ұстатарлық іс қаралған сотқа БАҚ өкілдерінің қатысуына рұқсат етілмеді. 37 жастағы күдіктіге «Адам өлтіру, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау» бабы бойынша іс қозғалған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, азғындық биыл сәуір айында Қаратау қаласында болған. Шаштаразшы болып нәпақасын тауып жүрген тұрғын үшінші сынып оқушысын өнер мектебінен ұрлап әкеткен. Артынша үйіне апарып зорлаған. Сосын жәбірленушіге жасаған қылмысын жасыру үшін оны ұрып өлтіріп, денесін автокөліктің дөңгелегіне салып, өртеп жіберген. Мұнан соң өртенген қалдықтарды велосипедпен жазық алқапқа тасып жүргені дүкен ауласындағы камераға түсіп қалып, қолға түскен болатын.  

Д. Әлімқұл