Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанай облысы 20 жылдан бері мемлекетке 1 млрд 300 млн теңге қарызын өтей алмай келеді

AstanaTV
14.11.2019ж. 20:00
2386
Қостанай облысы 20 жылдан бері мемлекетке 1 млрд 300 млн теңге қарызын өтей алмай келеді

Қостанай облысы 20 жылдан бері мемлекетке берешек 1 млрд 300 млн теңгені бермей келеді. Қаржы министрлігі бұл қарызды өңір әкімдігінен талап еткен. Бүгін Есеп комитетінің отырысында сөз алған облыс басшысының орынбасары Ерлан Спановтың жауабы көпшілікті таңқалдырды. Шенеунік қомақты қарызға қатысты құжаттар еш жерде жоқ екенін айтты. Оның мәліметінше, бұл берешек 90 жылдары жұмыс істеген 11 кәсіпорынға тиесілі. Қаржылық қиындықтардың кесірен олар 2000 жылдары жабылып қалған. Олардың қарызы облыстың мойнына артылыпты.  

Ерлан СПАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл Торғай облысы кезінде болған жағдай. Қарыздарға 20 жылдан асты. Ол тек отчетта ғана бар. Бірақ олар бойынша ешқандай заң түрінде қағаздар жоқ. Оны бізге жабу үшін заңды түрде қағаз керек. Ол қағаздар қазіргі күнде жоқ. Сондықтан біз мынау қаржы министрілігімен жұмысты жалғастырамыз. Қарыздың бәрін жабу үшін. Немесе отчеттан алып тастау үшін. Өткені, ешқандай құжаттар жоқ. Архивтің бәрін қарадық.   

Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай қарыздар әрбір облыста кездеседі. Ведомство мәселені тез арада шешу үшін арнайы топ құруды ұсынды. Сонымен қатар, жиында Қостанай облысы бойынша соңғы 3 жылда жалпы сомасы 4 жарым миллиард теңгеден асатын қаржылық құқықбұзушылықтар анықталғаны белгілі болды. Қазіргі таңда оған қатысты 11 адам жауапқа тартылған.  

А. Мүтәлі