Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елдегі 2600 ауылда сапалы ауыз су тапшы

AstanaTV
14.11.2019ж. 20:00
6297
Елдегі 2600 ауылда сапалы ауыз су тапшы

Қазақстанда екі мыңнан астам ауыл ауыз суға жарымай отыр. Елді-мекен тұрғындары құдық пен өзен-көлден су ішіп жүр. Бұл туралы "Nur Otan" партиялық бақылау комитетінің алаңында комитет мүшесі Сәкен Естай айтты. Оның дерегінше ауыл халқының көбі 200 адамнан аспайды. Сондықтан оларды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мүмкін болмай тұр. Сәкен Естай өңірлерді ауыз сумен жабдықтауды қатаң назарға алу қажеттілігіне тоқталды.   

Сәкен ЕСТАЙ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ: 

Халық аз қоныстанған ауылдар көп. Олардың қатарында ішуге мүлдем келмейтін суды пайдаланатындар да бар. Сондықтан жергілікті жерлердегі тіршілік көзін тазартуды қолға алу керек.  

Ауыз су тапшылығы барлық өңірде байқалады. Әсіресе Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда. Кей жерлерде сумен қамтамасыз ету бағдарламалары 10 жылдан бері іске аспаған. Тіпті сыбайлас жемқорлық фактілері де тіркелген көрінеді. Партиялық бақылау комитетінің мүшелері аймақтарға арнайы тексеріс жүргізбекші. 

Қабдола ШЫҢҒЫС, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бүгін қозғалған мәселе тек бір күнде ғана пайда болған жоқ. Бұл өте өзекті проблема. Сондықтан қолымызда бар дәлелдерді негізге ала отырып, өңірлерді қатаң түрде тексеретін боламыз. Құқықтық нормалардың бұзылуына барынша тосқауыл қою керек. 

Ғ. Өтемісов