Өскеменде жыршы-жырау Жамбыл Жабаевқа ескерткіш қойылды. Тас үстінде домбыра ойнап отырған қола мүсін, ақынның есімі берілген саябақта орнатылған. Тарихи сәтке ақын- жыраудың немерелері мен шөберелері қатысты. Еңселі ескерткіштің биіктігі 2,5 метр. Оның авторлары алматылық мүсіншілер - Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. Туынды Жамбыл Жамаевтың жақындарының көңілінен шықты.
Салтанат ЖАМБЫЛОВА, Ж. ЖАБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:
Бізге телефонмен жіберді, эскизін, кеше көрдік. Танысып үлгердік, қазір. Осы 1 сағат бұрын авторымен. Сәтті шыққан дүние, жақсы шыққан. Рақмет көп-көп.