Биыл жыл басынан бері Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 33 пайызға артқан. Бұл туралы Сочиде Владимир Путинмен болған екеуара кездесуде Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Мемлекет басшыларының кездесуі Сочиде «Бочаров ручей» мемлекеттік резиденциясында өтті. Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі дамытудың келешегін талқылады. «Қазақстан Ресейдің ең жақын әрі сенімді серіктесі болады. Бұдан бөлек, Байқоңыр бойынша серіктестіктің дамығанын атап өткен жөн», - деді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Россия - для Казахстана важный, самый главный и надежный союзник. В объеме товарооборота Россия занимает солидное место. Особенно в последние годы ЕвразЭС эти отношения очень сильно укрепились. За этот год взаимная торговля выросла на 33%, то есть на треть.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Я
рад такой возможности с вами поговорить на эти темы. Уверен, что это пойдет на
пользу. Наше с вами общение - существенный фактор развития в межгосударственной сфере.