Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі Қырғызстан үкімет басшысының фейсбукте жарияланған ақпаратын растамады

AstanaTV
12.10.2017ж. 20:00
2922
Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі Қырғызстан үкімет басшысының фейсбукте жарияланған ақпаратын растамады

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі Қырғызстан үкімет басшысының фейсбукте жариялаған ақпаратына қатысты мәлімедеме жасады. Онда қырғыз премьерінің Сочиде Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізгені жоққа шығарылған. Қазақстан Президентінің «шекарада туындаған барлық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан Үкіметіне тапсырма бергендігі» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады. Ақиқатында, Үкіметке аталған мәселе бойынша үкіметаралық консультация өткізу туралы тапсырма берілген. Бұған дейін Қырғызстан премьер-министрі, шекарадағы мәселені шешу үшін Қазақстан президенті Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлаған болатын.