$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Гонконгтегі қазақстандық студенттердің елге оралғаны дұрыс, -СІМ

AstanaTV
18.11.2019ж. 20:00
1971
Гонконгтегі қазақстандық студенттердің елге оралғаны дұрыс, -СІМ

Гонконгтегі қазақстандық студенттердің елге оралғаны дұрыс. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз отырысында Қытайдағы жастарға елге қайтуды ұсынды. Бүгінде аспан асты елінің бұл қаласында маусым айынан бері жаппай наразылық шерулері жүріп жатыр. Полиция 3,6 мыңнан астам адамды ұстаған. Митинг кезінде 1 жарым мың адам жарақат алып, 400-ден астам полицей зардап шеккен. Ел азаматтарының қауіпсіздігіне алаңдаған қазақстандық водомство қазіргі таңда осы қалада оқып жатқан 118 студентті елге қайтарыпты. Алдағы күндері тағы 40-қа жуық қазақстандық жасты қайтаруды жоспарланып отыр.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:  

Гонконгтегі ахуалдың шиеленісуіне байланысты бірқатар жоғары оқу орындары екінші семестрге, яғни 2020 жылдың қаңтарына дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтықтан оқыту бойынша онлайн-базаға көшу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Гонконгте оқып жатқан барлық студенттерге Қазақстанға оралуды ұсынады. Сонымен қатар, ҚР азаматтарын қауіпсіздік жағдайы тұрақтанғанша, Гонконгке аса қажеттіліксіз бармауға шақырады.

А. Мүтәлі