Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстанда шала туылған нәрестелерді емдейтін бейімдеу орталығы жоқ

Қазақстанда шала туылған нәрестелерді емдейтін бейімдеу орталығы жоқ

Қазақстанда шала туған нәрестелерді бейімдейтін орталық жоқ. Тіпті ерекше шақалақтарды қарайтын маман да тапшы. Ал елде уақытына жетпей босанатын әйелдер көбейген. Бұл туралы Қарағандыда өткен дүниежүзілік шала туған нәрестелер күніне арналған жиында мәлім болды. Тақырыпты Айжан Қуаш жалғастырады.

Айнұр - күніне жетпей босанып қалған. Өздігімен тыныстай алмаған шақалақ, екі апта арнайы қондырғының көмегі арқылы, өмірге бейімделіпті. 

Айнұр АХМЕТОВА, ТҰРҒЫН:

Бала туылған кезде өздігінен дем ала алмады, себебі, ол ерте туылды ғой енді. Осы жердің дәрігерлері бізді күтім жасап, жақсылап тұрып қарады. Төске салып емуді үйретіп жатыр. Аллаға шүкір біз бүгін шығайық деп жатырмыз. Емеміз, бутылканы алдық, өздігімізден дем ала аламыз.
 
Әлемде әрбір оныншы, ал Қазақстанда әрбір бесінші нәресте уақытынан бұрын туылады. Ондай сәбилерді перинаталдық орталықтарда неонотолог мамандар қарайды. Олар жаңа технологиялар мен дәрі- дәрмектердің көмегімен  21-22 апта болған баланы құтқарады. Көзден бастап ішкі ағзаларына дейін ұзақ емді қажет етеді. Перинатальдық орталықтан шыққан соң оларды жеке- дара қарайтын арнайы бағдарлама жоқ.

Евгения КОЗЫРЬ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕОНАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Шала туылған нәрестелер толық дамымай дүниеге келеді. Сондықтан біз оларға "жатырдағы жағдайды" жасаймыз. Олар өздігімен дем ала алмайды, өкпе, ми, ішкі ағзалары жетілмеген. Көбінесе окулист көздеріне ота жасап шығарады. Алайда шыққан соң да оларға кәсіби мамандардың көмегі керек, ал ондай мамандар бізде тапшы. Окулист, невропатологтың да үнемі бақылауында болуы тиіс. Мұндай сәбилерді перинатальдық орталықтан шыққан соң да қарайтын, жеке дара бағдарлама болса жақсы болар еді.


Бұл мәселе әсіресе аналардың бас ауруына айналған. Өйткені перинатальдық орталықтан шыққан соң шала туылған нәрестелерді емдейтін кәсіби мамандар іздеп сандалатындарын айтады. Шамалары жетсе шетелге, болмаса елордаға  баруға мәжбүр. Өйткені өңірлерде ерекше балаларды емдейтін орталықтар жоқ. Сондықтан болар көп жағдайда ауыл балалары мүгедек болып қалады,- дейді олар.

Перизат СЫЗДЫҚОВА, ТҰРҒЫН:

Государственный поликлиникадағы врач общей практики, педиатор осындай баланы қарай алмайды. Өйткені ол недоношенный бала не дегенді, қалай емдеуді, қалай ауырады білмейді. Қазақстанда реабилитационный центр керек осындай балаға. Дәрігерлер керек, неонотологтар, шала бала дегенді белетіндер. Өйткені осындай балалар 100 процентный инвалид, ДЦП болып кетеді егер сразу емдеп алмаса.

Қарағанды облыстық перинатальдық орталығында  жыл сайын 3 жүзден астам шала бала емделіп шығады.

Сәуле АМАНБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әлемде әр бір 10- ыншы бала шала туылады. әрине ол дәрігерлер үшін де, аналар үшін де үлкен еңбекті талап етеді. Бұған ананың денсаулығы, экология, инфекциялық аурулар, тұқым қуалаушылық, күнделікті стресстер бәрі әсер етеді. Сондықтан әр болашақ ана өз денсаулығына мұқият қарағаны дұрыс.


Айтпақшы, перинатальдық орталықтарда шала туылған балалардың 72 пайызын дәрігерлер аман алып қалады екен. Қалғандары өкіншіке орай тыныс алу жолдарының мүлде дамымауына байланысты шетінеп кетеді.

А. Қуаш