Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Приозёрск қаласының тұрғындары жылуға қол жеткізе алмай келеді

AstanaTV
19.11.2019ж. 20:00
2821
Приозёрск қаласының тұрғындары жылуға қол жеткізе алмай келеді

Қала мәртебесін алғанына 60 жылдан асса да Приозёрск-те жылусыз отырған отбасылар жетерлік. Редакциямызға хабарласқан тұрғындардың бірі 65 жастағы Тұрғанкүл Жұмабаева жылыну үшін екінші қабатқа шелектеп көмір тасуға мәжбүр. Зейнеткер маңайдағы 20 қабатты үйдің бәрі қалалық орталық жылу көзіне қосылған деп отыр. Әкімдіктің табалдырығын тоздырсақ та, бірнеше отбасы тұратын 2 қабатты үйді жылу жүйесіне қосқыза алмай келеміз дейді.

Тұрғанкүл ИБРАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПРИОЗЁРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екі этажды домдамыз, екінші этажға көмір тасып, отын тасы жағамыз. Әкім сіздерге жылу өтсе басқа жақта жылулық аз болып қалады, деді. Сонда 4 семьяға жылулық жетпей ме?! Біздің алдымыздағы общежитиеге өткізді, 20 квартира. Артымызда тағы 20 квартира, оған өткізеді. Сонда 4 квартира, 5-6 семьяға неужели өтпейді ол?

Бұл сұрақтың жауабын табу үшін біз Приозерск қаласының әкімгіне жүгіндік. Дәл қазір біз тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысымен байланысқа шығамыз. Темірхан Айдарханұлы, бұл үйге неге жылу берілмей келеді?

Темірхан АЙДАРХАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПРИОЗЁРСК Қ. ТҮКШ, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі күні ол кісілердің көтеріп жатқан мәселесі әкімнің қадағалауында бар. Ол кісілердің жылуға орталық жылуға қосылмау себебі қаланың қазандығы бес қазандықта орналасқан. Ол полуостров, частный секторларды көтере алмайды. Бүгінгі күні расширение бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Жұмыстар жасалып жатыр дейсіз, тұрғындар тағы неше жыл күту керек?

Темірхан АЙДАРХАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПРИОЗЁРСК Қ. ТҮКШ, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Бүгінгі күнге жаңа айтып өткендей разработка қойылды. Құжаттары жасалып жатыр. Бұл енді 4-5 жылдың көлемінде жасалатын нәрсе ғой деп ойлаймын. Өздеріңізге де мәлім, бұның барлығығы ақшаға келіп тірелетін мәселе ғой. Екі жылдың ішінде біз госэкспертизадан өткізіп, дайындайтын болсақ, әрі қарай облыстық және Энергетика министрлігіне ақша бөлінуі үшін керекті құжаттарды тапсыратын боламыз өзіміздің тарапымыздан.

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Неге құжаттары енді ғана дайындалып жатыр. Айналдырған бір үйге жылу тарту мәселесін бұған дейін шешу мүмкін болмады ма? Енді тағы 4-5 жылға созылады деп отырсыз? 

Темірхан АЙДАРХАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПРИОЗЁРСК Қ. ТҮКШ, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


2011 жылы Прозерсок қаласы қатты ғой. Правительстводан специальная комиссия бөлініп, бәрі тексерілді. Кательныйдың мощьності жетпейтін болып, новый кательныйға ақша бөлінген. 5 млрд 300 миллион ба...  строительствоға проектісі жасалды. Ол көмір модульный кательный болды. 3 жылдың ішінде жасалды. Содан біз заявка бердік, бердік, бірақ үкіметтен ақша бөлінбеді. Областной бюджеттен,республикадан поддержка алмағаннан кейін оның сргы бітіп қалды. Еще ол угольный котельный болатын. 3 жылдың ішінде пректі просроченный болды да, қазір сол корректировка жұмыстарын жасап жатыр ғой.


Бұл мәселені Приозерск қаласының әкімі Қайрат Қамзин де назарға алды дедіңіз ғой. Тұрғындардың мәселесін созбалаңға салмай шешесіздер деген сенімдеміз. Сұхбатыңызға рахмет. Қадірлі көрермендер, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы байланысып, видео немесе аудио материал жолдасаңыз болады.

Ә.Өмірзақ