Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстандықтар сот шешімін қайта қарайтын ведомствоаралық комиссия құрылуын талап етті

AstanaTV
19.11.2019ж. 20:00
1852
Қазақстандықтар сот шешімін қайта қарайтын ведомствоаралық комиссия құрылуын талап етті

Ел тұрғындары сот шешімдерін қайта қарайтын ведомствоаралық комиссия құруды сұрайды. "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына жер-жерден жиналған 30-ға жуық тұрғын осындай талаптарын жеткізді. Олар қате тағайындалған сот шешімінен зәбір көрдік дейді. Бармаған жер, баспаған тауы қалмаған олар әділдік іздеп келіпті. Арызданушылардың шағымын тыңдаған бас прокуратура екінші қызметінің бастығы оларды сабырға шақырды.  

Жарқынбек БАҚАШБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЕКІНШІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

Бүгінгі өткізілген қабылдауға байланысты әр адамның арыз-шағымын мұқият тыңдап, шешім шығаратын боламыз.

Партия хатшысы да наразы топтың жан-айқайына құлақ түрді. Ғабидолла Оспанқұлов аталған мәселені тек заң жүзінде ғана шешу мүмкін екенін ескертті. 

Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Кез-келген адам өтінішін жазбаша түрде қалдырса, біз міндетті түрде сол мемлекеттік органның басшылығына сілтеме хат арқылы жібере аламыз. Бірақ, олардың Жоғары сот, Бас прокурорды шақырыңдар деген талабын орындай алмаймыз.

Ғ. Өтемісов