$498.34 €519.72 ₽4.85
×

4 жылдан бері кәсіп ететін жер ала аламай жүрмін, - кәсіпкер

AstanaTV
20.11.2019ж. 20:00
1381
4 жылдан бері кәсіп ететін жер ала аламай жүрмін, - кәсіпкер

Елордалық кәсіпкер 4 жылдан бері кәсіп ететін жер ала аламай жүр. Бүгін ол "Nur Otan " партиясының қоғамдық қабылдауына осы шағымын арқалай келген. ІІ топ мүгедегі Марат Бейсенбаев 25 жылдан бері етікшілікпен айналысады. Айтуынша, кәсібін дамыту үшін бір дүңгіршек ашқысы келеді. Бірақ қолдау болмай тұрғанын жеткізді.  

Марат БЕЙСЕНБАЕВ, КӘСІПКЕР: 

Әне дейді, міне дейді. Сұраған жерімнен высоковольтные тоқ өтті дейді. Канализация өтті дейді. Сөйтіп, алдап жіберіп жатыр.

Азаматтарды қабылдап, арыз-шағымдарды тыңдаған Сауда және интеграция министрі қабылдауға келгендердің мәселесі міндетті түрде қаралатынын уәде етті.  

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ: 

Көп мәселелер бұл, жергілікті мәселелер. Бизнес, оның ішінде бизнес бар. Мысалы, Қостанай облысынан бүгінгі сатып отырған орнына жер бөлу мәселесі. Және де Нұр-Сұлтан қаласындағы инвалид етікші өзіне күнделікті жұмыс істейтін жұмыс орнын сұрады. Мұндай мәселелерді тікелей жергілікті атқарушы органдармен байланысып, көп осындай мәселеледі шешуге тырысып отырмыз.

А. Данияр