Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Банктің қомақты қаражатын қолды қылған қызметкер Ресейде ұсталды

AstanaTV
21.11.2019ж. 20:00
2043
Банктің қомақты қаражатын қолды қылған қызметкер Ресейде ұсталды

205 мың евро, яғни 87 миллион теңге жымқырды" деген күдікті банк қызметкері Ресейде ұсталды. "Еуразиялық банктің" Жітіқарадағы филиалын басқарған 29 жастағы экс директор қазіргі уақытта Челябі қаласының уақытша қамау абақтысында отыр. Қостанайға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, - деді полиция. 

Бекет АЙМАҒАМБЕТОВ,ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСШЫСЫ: 

Бұл жерде сыбайластар туралы ешқандай мәліметіміз жоқ қазіргі уақытта.Ыңғайына қарағанда оған сыбайластың керегі де жоқ.Бұл енді қызмет бабында істеп отыр ғой.Бұған сеніп отыр.Бірақ басқармалар сезіп қалып,неге мұндай ақша керек деп артынан іле-шала тексеріс жіберіп отыр.

Еске салайық, қарашаның он екісі күні екінші деңгейлі банктің филиал басшысы кассадан ірі көлемде ақша жымқырып, қашып кеткен еді. Банк өкілдері клиенттердің қаражатына нұқсан келген жоқ деп ресми мәлімдеме жасады. Дегенмен шекара асқан банк қызметкері бір аптаның ішінде 30 миллион теңгеге жуық қаражатты жұмсап жіберген. Алдын ала жауап алу барысында, өзінің және туысқандарының несиесін жабуға интернет арқылы ақша аударғаны анықталды. Қолға түскен қостанайлық қашқыннан 136 мың еуро тәркіленген.   

З. Санай