Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жылда 100-ге жуық адам донорлық органның жоқтығынан көз жұмады

AstanaTV
22.11.2019ж. 20:00
3039
Жылда 100-ге жуық адам донорлық органның жоқтығынан көз жұмады

Қазақстанда ішкі орган ауыстыратын донорлар жетіспейді. Жыл сайын 100-ге жуық адам бауыр, өкпе, жүрек, бүйрек сияқты ағзаларын ауыстыра алмай қайтыс болады. Бүгін трансплантология мәселелерін көтерген жиында бірнеше түйіткілдер айтылып, сала мамандары дабыл қақты.  

40 жастағы Айдар Шекенов 12 жылдан бері бүйрек ауыстыру кезегінде тұр. Айтуынша, әлі күнге дейін лайықты донор табылмаған. Астаналық тұрғын «бүйрегім асқынып, қазір жүрегім де сыр бере бастады» - дейді.   

Айдар ШЕКЕНОВ 

2007 жылы бір бүйрегім суықтап, жарамай қалды. Уақыт өтіп жатыр. Ал донордың болса, табылатын түрі жоқ. Ал әке-шешем зейнет жасындағы адамдар болғандықтан, олардың ағзас ы маған лайық келмейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде ішкі ағза донорлары тым тапшы. 2017 жылы - 91 адам дертінен айықпаған күйі көз жұмса, былтыр оның саны 121-ге жеткен. Ең сорақысы, оның ішінде балалар да бар.  

Әділ ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚР ДСМ "ТРАНСПЛАНТТАУДЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ" ШЖҚ РМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  

Жыл сайын 100-ге жуық адам ота жасау мерзіміне жетпей қайтыс болып жатады. Донорлық органды күту кезегінде қазір 3 128 адам тұр. 2706 адам бүйрек ауыстыруға мұқтаж болса, соның 69-ы бала. Ал жаңа бауырға 295 адам зәру. Оның 6-ы бала. Сонымен қатар, 120 адам жүрек, 7 адам өкпесін ауыстыру кезегінде тұр.  

Елде қайтыс болғаннан кейін ішкі органдарын донорлыққа табыстап кететіндер бар. Бірақ олардың саны аз. Әзірге Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары ғана белсенділік танытып отыр. Министрлік ішкі органды ауыстыру тегін жүргізілетіндігін айтады.     

Нұрлан ҚАСЫМОВ, "ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ" КЕАҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  

Осы жылы медициналық ұйымдарға ішкі органдар мен тіндерді ауыстырып салғаны үшін 3 млрд 202 млн теңге төленді. Мәселен, бүйректі ауыстырып салу қызметі орта есеппен 3 млн 200 мың теңгеге, бауыр ауыстырып салу 5 млн 800 мың теңгеге бағаланады. Жүректі ауыстыруға 25 млн теңге жұмсалады.

Министрлік елде жасалатын мұндай отаның жылдан жылға азайып келе жатқанына алаңдаулы. 2017 жылы мәйіттік донорлықтан 217 адамға, былтыр 180 адамға трансплантациялық ота жасалыпты. Ал тірі донорлардан 32 операция жүргізілген. Ал биыл оның саны тіптен аз болатына сенімді   

А. Мүтәлі