Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жетісай аудандық "Асықата" ауруханасының дәрігерлері жалақысын толық ала-алмай жүр.

AstanaTV
22.11.2019ж. 20:00
5925
Жетісай аудандық "Асықата" ауруханасының дәрігерлері жалақысын толық ала-алмай жүр.

Жетісай аудандық "Асықата" ауруханасының дәрігерлері жалақысын толық ала-алмай жүр. Телеарнамызға хабарласқан аудан тұрғыны осыны жеткізді. Айтуынша, айсайын еңбекақының тек 30 пайызы ғана беріледі. Бұл мәселе қыркүйек айында басталған. 125 мың теңге жалақы алуы тиіс ақ халаттылар, қолына 45 мың теңге ғана тиіп отырғанына ашулы.  

Дінмұхаммед БОЛАТҰЛЫ, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Біздің поликлиникамыз, больницамыз 2 ай, 3 ай болып қалды бөліп-бөліп береді де 30%-40% айлықты. Соны мен түсінбедім. Жылда сондай. Ал басқа жақтарда сұраймын, сұрастырамын жоқ толық бәрінде. Осы біздің Мақтаарал ауданында сондай.

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге қатысты қазір Жетісай аудандық "Асықата" ауруханасы өкілдерімен хабарласып көрейік. Бізбен аурухананың бас есепшісі Бақтыгүл Бекаева байланыста екен. Бақтыгүл Асқарқызы, дәрігерлердің жалақысы неге толық берілмей отыр.  

Бақтыгүл БЕКАЕВА, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ «АСЫҚАТА» АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ЕСЕПШІСІ: 

Сәлеметсіз! - Қайырлы кеш! - Бізді естіп тұрсыз ба? - Бізде айлық уақытылы беріледі. Әр ай біткен соң, 10- шы жұлдызында біз әр ай біткеннен кейін 10-шы жұлдызда келесі айдың оған дейін беруіміз керек. - Оны білеміз, заң бойынша солай. - Заң бойынша солай көрсетілген. Ол бұзылған емес. - Сонда Бақтыгүл ханым, бізге хабарласқан көрермен алдап тұрма сонда? Бізді, бәрімізді? - Білмеймін бізде мүмкін емес ол. Беріп жатырмыз.

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Хабарласқан көрермен, еңбекақыны толық бермеу тек биыл емес, 3 жыл көлемінде қайталанып келе жатқанын айтты. Бұл рас па?  

Бақтыгүл БЕКАЕВА, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ «АСЫҚАТА» АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ЕСЕПШІСІ: 

Жоқ, ондай мүмкін емес! Біз ай сайын беріп отырамыз. Мысалы ендігі осы қаңтар айының айлығын 27-ші жұлдызы күні осы қаңтара айында береміз. Қараша айының 27-де береміз. Айлық кешіктірілмейді. -Қыркүйек емес, сіздер қазан айының жалақысын беру керексіздер ғой. - Ол айлықты біз беріп қойғанбыз. Әр айдың 10-на дейін береміз. Бұрыңғы шартта солай көрсетілген. - Демек бізге хабарласқан көрерменнің ақпараты жалған деп отырсыз ғой... - Иә! Ешқандай кешіктірілу, толық берілмеу жоқ, иә?! - Иә. Мысалы 27-і күні ноябрьдің айлығын береміз. - Жақсы, түсінікті. Рахмет!

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Рахмет, бізбен тікелей эфирге байланысқа шыққан Жетісай аудандық "Асықата" ауруханасының бас есепшісі Бақтыгүл Бекаева. Біз бұл мәселенің шешілгенін бақылауымызға аламыз. Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Сонымен қатар, егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, материал жолдаңыз. Біз оны эфирден көрсетеміз.

А. Асқарұлы