Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен кездесті

AstanaTV
22.11.2019ж. 20:00
4311
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен кездесті

Цюрих пен Нұр-Сұлтан қаласы арасында тікелей әуерейс ашылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Швейцария Президенттері кездесуінде айтылды. Бұдан өзге тараптар екі ел арасындағы тауар айалымы, инвестиция тарту және жаңа технологияларды енгізу туралы бірқатар уағдаластыққа қол қойды. Ақордадағы кездесуден Әлихан Асқарұлы баяндайды.  

Қызыл кілем. Сап түзеген қарауыл. Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай сән-салтанатымен Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурерді қарсы алды. Тараптар бұған дейін қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 74-ші сессиясында кездескен. Дегенмен бұл Ули Маурердің Швейцария Президенті ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Соңғы 15 жылда Швейцария Қазақстан экономикасына 24 млрд доллар инвестиция құйды. Ықпалдастықтың арқасында еліміз «Дуйнг Бизнес» рейтингінде 25-орынға тұрақтады. Бүгінгі келіссөздер барысында Әлемдік банк жүйесі негізінде қазақстандық мамандарды Швейцарияда тәжірбиеден өткізу туралы ұсынысты қарастырдық.

Келіссөздер арасында Қазақстан мен Щвейцария арасында тікелей әуе рейсін ашу сөз болды. Бұл туристік саланы дамытуға ықлап етпек.  

Ули МАУРЕР, ШВЕЙЦАРИЯ КОНФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Қазақстан Еуропамен Азияны байланыстыратын үлкен экономикалық серіктес ел. Алдағы уақытта «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында ынтымақтастықта жұмыс істейміз деген сенімдеміз. Бүгінде Қазақстанда біздің 40 компаниямыз жұмыс істейді. Швейцария ауыл шаруашылық, көлік-логистика салаларына инвестиция құйып, екіжақты ынтымақтастықты арттыруға дайын.

Ақордадағы кездесуден кейін Ули Маурер мен Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қатысуымен Қазақстан-Швейцар дөңгелек үстелі өтті. 120-дан астам іскерлік топ өкілі бас қосқан жиында «Штадлер» компаниясы елдегі темір жол мәселесін шешуге ниетті екенін жеткізді.  

Александр ЛЮФТ, «STADLER RAIL CIS» КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  

Қазіргі уақытта ҚТЖ компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Нұр-Сұлтан қаласында вагон өндірісімен айналысуды қолға алмақ ниеттеміз. Қазақстан біз үшін стратегиялық маңызға ие. Өйткені кейіннен Қазақстан арқылы көрші елдерге де шығуға болады.

Швейцария өзара сауда қатынасы көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіретін Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Бұл нәтижені одан әрі жақсарту үшін дөңгелек үстелде тағы 6 құжатқа қол қойылды. 

Ә. Асқарұлы