Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Nur Otan" партиясының Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдауға келетіндер 21% -ға артқан

AstanaTV
25.11.2019ж. 20:00
2708
"Nur Otan" партиясының Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдауға келетіндер 21% -ға артқан

Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелерін тағы да халыққа жақындай түсуге шақырып, бірқатар жүйелі тапсырмалар берді. Партияның осы бағытта қандай жұмыстар атқарып жатқанын білу үшін дәл қазір "Nur Otan" партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназаровамен сұхбаттасатын боламыз!

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Ақмарал Шәріпбайқызы, Қайырлы кеш! "Nur Otan" партиясының төрағасы бүгін де ел азаматтарының мұң-мұқтажын билікке жеткізу және ол өтініштердің орындалуын қадағалау тікелей «Nur Otan» партиясының міндеті екенін қадап айтты. Партияны қайта жаңғырту мәселесін де көтерді. Сіздің ойыңызша, ел азаматтарына жақындай түсу үшін нұротандықтар қай бағытта жұмыс істеуі тиіс?


Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Енді, шын мәнінде де 21 тамыз күні Елбасы барлық "Nur Otan"-дықтардың алдына қойған бірден-бір міндеті: халықпенен етене жақын болу. Халықтың арасында көтеріліп жүрген мәселелердің барлығын, тиісті атқарушы органдарға жеткізіп, бақылауға алып соны щещу жолдарын қарастыру. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша, бізде барлық аудандарда Қызылорда қаласында, облыста қоғамдық қабылдау бөлмелері бар. Осы жылдың басынан бері, 21% -ға халықтың арасында келу көрсеткіші жоғарылады. Сонымен қатар, біздің "Nur Otan" партиясының фракциясы мәслихаттағы жұмыс жасауды белсене түсірді. Бұл жерде барлық біздің депутаттарымыз елді-мекендерге шығып 1000-ға жуық бүгінгі таңда осы соңғы үш айдың ішінде халықтың арасында қоғамдық қабылдаулар өткізді. Негізі енді "Nur Otan" партиясы өзіміздің тарапымыздан кез келген қоғамда көтеріліп жатқан мәселені талқылайтын және соны шешетін, бақылауға алатын алаңға айналуда бүгінгі таңда. 

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Партия төрағасы халықты баспанамен қамту мәселесін де көтеріп, үй кезегінің жылжуын да қадағалауды тапсырды. Сіздің өңірде бұл мәселе қалай шешіліп жатыр?

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Негізгі біздің мақсатымыз өңірдегі жоспарланған бағдарламалардың іске асуын бақылау. Партиялық бақылау, қоғамдық бақылау  орнату.  Негізі соңғы 5 жылдың ішінде мына тұрғын үй мәселесімен қамтылу көрсеткіші бізде жақсы өсім алуда. Пәтердегі кезекте тұрған азаматтардың барлық кезектері әкімшілікпен бірге "Nur Otan" партиясының да бақылауында.  Сондықтан, биылдың өзінде 1970 -ке жуық пәтерлер беру жылдың аяғына дейін жоспарлануда. Біздің тарапымыздан соны  тиісті азаматтарға жеткізу. Сол үйлердің жоспарларына жетіп, салуды бақылап отырмыз күнделікті.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Өңірлік бюджеттердің көлемі жыл сайын өсіп жатқаны белгілі. Партия оларға ел қазынасынан бөлінетін қаржыны бақылауы тиіс. Ол жұмыстар қалай болып жатыр?

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Негізі партиялық бақылау комиссиялары жұмыс жасайды. Барлық аудандар да және облыста. Бүгінгі таңда әр өңірдің өзінің даму бағдарламасы бар, сол бағдарламаға бекітілген өзінің  қаржысын тиімді пайдалану мақсатында біз бұл мәселені фракцияның арнайы отырысында қарадық . Тиісті мемлекеттік органдарды осы жұмысты өздерінің алдағы межелеріне жетпегені үшін, қаражатты игермегені үшін тиісті партиялық тарапынан нұсқаулар беріліп, жауапкершіліктері қаралды.  Сол алдағы уақытта да партия тарапынан бақылауда болады.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Ақмарал Шәріпбайқызы рахмет, уақыт тауып студиямызға келгеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

А. Мүтәлі