Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

СЖҚІҚА-нің қызметтік куәлігінің жалған үлгісін пайдаланатындар жиілеген

AstanaTV
26.11.2019ж. 20:00
5842
СЖҚІҚА-нің қызметтік куәлігінің жалған үлгісін пайдаланатындар жиілеген

Мас күйінде жол апатына ұшырап, жазадан құтылу үшін өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерімін деп таныстырған азаматтың куәлігі жалған болып шықты. Мұндай мәлімдемені мекеменің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова келтіріп отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы азамат бұған дейін де өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып келген. Ол, тіпті, халықаралық іздеуде болыпты. Күдікті қазір Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сымбат ИСРАПУЛОВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Кейіпкер агенттіктің қызметтік куәлігін көрсеткен. Бұл куәлік жалған куәлік болып табылады. Ол куәліктің номері де, көрсетілген мәліметтердің бәрі жалған. Сондай-ақ, арнайы полицейлермен жүргізген тінту барысында сол кейіпкердің автокөлігін және өзін тінту барысында бұл куәлік табылмаған. Өзінің түсініктемесі бойынша ол куәлікті өртеп жібердім деп айтқан.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, биылдыққа мекеменің атын жамылып, жалған қызметтік куәлікті пайдаланатындар жиілеген. Бір айдың өзінде 2 жағдай тіркеліпті. Сондықтан, мекеме жаңа қызметтік куәліктің үлгісін қолданысқа енгізбек. Онда азаматтың кім екендігін анықтайтын арнайы чип болады. 

А. Мүтәлі