$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылда қыз алып қашудың соңы пышақтасумен аяқталды

AstanaTV
26.11.2019ж. 20:00
2714
Жамбылда қыз алып қашудың соңы пышақтасумен аяқталды

Жамбыл облысында қыз алып қашудың соңы, абақтымен аяқталды. Шу қаласының 30 жастағы тұрғыны, өзіне қалыңдық еткісі келген қызды жұмысынан сүйреп әкетпек болған. Бірақ 20 жастағы бойжеткен бұған келісімін бермепті. 

Жүрегі жаралы ол  есікті пышақпен бұзбақ болады. Ашуға мінген оны қыздың әріптестері сабырға шақырған. Сол сәтте сабасына түсе алмаған сері суық қаруын Альбинаның әріптесіне сермеген. Жарақат алған жігіт қазір ауруханада. Оның жағдайын ақ халаттылар жақсы деді. Ал полиция күшпен үйленбек болған жігітті қамап қойды. Енді ол 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қызды әріптесі қорғамақшы болған. Салдарынан, кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Күдікті кінәсін мойындап, оған күзетпен бұлтартпау шарасы тағайындалды. ҚК 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Д. Әлімқұл