Биыл Павлодар облысында әйелдерге қатысты күш көрсетудің 2,5 мыңнан астам дерегі тіркелген. Аймақта күйеуінен қорлық көрген жалпы саны 4300 әйел бар. Осыған орай өңірлерде "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы басталды. Шараның мақсаты - нәзік жандыларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау. Осылайша мамандар құқық бұзушылықтың алдын алып, отбасы рөлін нығайтпақ. Ол үшін семинар-кездесулер өткізіліп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Акция кезінде учаскелік полицейлер құқық бұзушылық жасауға бейім тұрғындардың тұрғылықты жерін, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тексеруге алады.
Нұрғали ОМАРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Биылғы жылы Павлодар қаласында 3,5 мыңнан астам арыз түсті. Олардың ішінде 1350 жауапгершілікке тартылды. 1999 жылдан бері бүгінгі күнде 20 жыл әр жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсанына дейін 16 күндік әйелдерге зор-зомбылыққа қарсы күні болады. Осы күндері біз белсенді жұмыс істеп, участковыйлар бәріміз жұмыс атқарамыз.
Ө. Қуанар