Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Еуропалық әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық шеруге шықты

AstanaTV
26.11.2019ж. 20:00
2809
Еуропалық әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық шеруге шықты

Еуропалық әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы жаппай наразылық акциясына шықты. Мексикада басталған шеруді, Франция, Испания сынды елдердің нәзік жандылары да қолдаған. Шерудің өтуіне отбасылық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болған әйелдердің санының артуы себеп болған.

Мексика әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету деңгейінде көш бастап тұрған елдердің бірі. Дүйсенбіде жарияланған үкіметтің мәліметінше әйелдерді өлтіру саны өткен жылмен салыстырғанда 10% -ға артқан, яғни 809 әйелдің өлтірілгені жарияланды. Шеруге шыққан қыз-келіншектің барлығы "үкіметтің назарына іліктпейміз" деп ызалы. 

Марта, СТУДЕНТ:

Барлық жерде әйелдер зардап шегеді. Олар бізді қорлайды, ұрады, тіпті өлтіргісі келеді. Билікті біздің жағдайымыз алаңдатпайды. Олардан өздерін біздің орнына қоюын өтінемін. Зорлаушыларды өлім жазасына кесу керек. Басқа амал жоқ.

Лидия СИД, ЗОРЛЫҚ ҚҰРБАНЫ:

Мен әйелдерді өлтіруге қарсымын. Көптеген жылдар бойы олар Сьюдад-Хуаресте өлтірілді, бәрі үнсіз. Менің қыздарым өсіп келеді. Мен бұл жағдайдың жалғасуына түбегейлі қарсымын.

Францияның 30 қаласында да шеру жалғасты.  70 ұйым мен қоғамдық бірлестіктерден 100 мыңға жуық әйел өз құқықтарын тапталмауын талап етті. Шеруге шыққандардың айтуынша, олардың басым бөлігі үйде күйеулерінен зәбір көреді екен.

Бель ОСТИН,  ЗОРЛЫҚ ҚҰРБАНЫ:

Мен бірнеше рет отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым. Жолдасым мені қатты соққыға жығады. Мен өз өмірім үшін қорқамын. Ол себепсіз ашуланы ма, үнемі қол жұмсайды.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жыл басынан бері Испанияда 44 әйел қайтыс болған. 30 мыңнан астам әйел сот шешімі бойынша арнайы қорғауға алынған.

Патросиньо РОДРИГЕС, ЗАҢГЕР:

Бүгін таңертең мен теледидардан оңшыл партияның мүшесі Ортега Смиттің зорлық-зомбылықты айыптаудан бас тартқанын көрдім. Мен оның әйелдерге деген әрекетін түсінбеймін. Айтпақшы, бүгін таңертең тағы бір әйел өлімі болды.

Шеруге шыққан белсенділер билікті, әйелдерді кемсітушілікке, жыныстық бопсалауға және зорлық-зомбылыққа қарсы тұрып, шара қолдануға шақырады.

А. Данияр