Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бұлақ ауылында ешқандай радиацияның қауіпті деңгейі байқалмайды, - Қ. Ақсақалов

AstanaTV
28.11.2019ж. 20:00
2481
Бұлақ ауылында ешқандай радиацияның қауіпті деңгейі байқалмайды, - Қ. Ақсақалов

Солтүстік Қазақстан облысы Бұлақ ауылында ешқандай радиация жоқ. Бүгін ел астанасында журналисттерге брифинг өткізген облыс басшысы осылай деді. Ол арнайы комиссия зерттеу жүргізгенін айтты.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Онкология ауруларының орташа бір есептері бар ғой... аудан деңгейінде есептеледі. Сол ауылдың тұрғындарының шығыны аудан немесе облыстан көп емес. Ешқандай қауіп ол жерде жоқ.


5 қараша күні жаңалықтарда «Бұлақ ауылында қатерлі ісік ауруына шалдығып, көз жұмғандар көбейіп кетті», деп үрейленген тұрғындардың жан айқайын жеткізгенбіз. Көпшілік экологияның бұзылуына ресейлік инвесторлардың қолдауымен алтын өндіретін кәсіпорынды кінәлаған болатын.

Ә. Өмірзақ