Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сот кейінге қалды

AstanaTV
28.11.2019ж. 20:00
1940
Сот кейінге қалды

Полицейлердің ведео тіркейтін жетондары ауа райының қолайсыздығынан істемей қалған. Бүгін оралдық тұрғынның әкімшілік ісіне қатысты сот отырысында куәгер ретінде шақыртылған инспекторлар осылай деді. Олар тұрғынның өздерін мазалағанын дәлелдейтін видеоайғақты тауып бере алмады. Айтуларынша, дәл сол күні күн суық болып, видеожетондар істен шыққан.

Сот отырысы 5-ші желтоқсанға қалдырылды. Сотқа оқиға орнында полицейлердің бейнежетонына түсірілген видео жеткізілуі талап етілді. Еске салайық, 19-шы қараша күні патрульдік көлік, жаяу жүргіншілер жолағында адам қағып кетті. Қала тұрғыны Айболат Бөкеновта сол маңнан табылып, жол апатын ұялы телефонға түсірмек болған. Бірақ тәртіп сақшылары бұған қарсылық білдірген. Артынша «жұмысымызға кедергі жасап, талабымызға бағынбады» деп әкімшілік хаттама толтырыпты. Ал, көлік қаққан адам ауруханада, әлі ес жиған жоқ. Көлігіне ие бола алмаған сақшы, қамауға алынып қызметінен қуылды.

Е. Карин