Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан бейбітшілік моделі бойынша әлемде 28 жыл бойы көш бастап келеді

AstanaTV
28.11.2019ж. 20:00
2271
Қазақстан бейбітшілік моделі бойынша әлемде 28 жыл бойы көш бастап келеді

Қазақстан бейбітшілік моделі бойынша әлемде 28 жыл бойы көш бастап тұр. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаев осылай деді. Ел астанасында «Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттық моделі» атты халықаралық конференция өтті. Онда этносаралық қатынастың дамуындағы Елбасының рөлі сөз болды. Әріптесім тарқатады.

Кең ауқымды пікірлер талқыланған жиында Елбасының әлемдік діндер мен мәдениеттің үйлесімділігіне қосқан үлесі сараланды. Алтай Әбибуллаев Қазақстандағы толернаттық саясаттың ерекшелігін жіпке тізді.

Алтай ӘБИБУЛЛАЕВ, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н.НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Толеранттық - адамзаттың ең басты құндылығы. Оның астарында өзара бір-біріне деген сыйластық жатыр. Басқа ұлттардың діні мен мәдениетіне құрметпен қарау. Бұл ретте қазақстандық моделдің үлесі зор. Осының бәрі ел саясатының тұғырнамасы деп айта аламын.


Қазақстан өз бастамаларын нақты іс жүзінде дәлелдеп келеді. Бұған бір шаңырақ астында сан түрлі ұлт өкілінің тату-тәтті тіршілік етуі айқын мысал. Осылай деген Қазақстандағы католик эпископтары конференциясының төрағасы елдегі дін және ұлтаралық қарым-қатынастың еркіндігін баса айтты.

Бернард ТОМАШ ПЭТА, ҚАЗАҚСТАН КАТОЛИК ЕПИСКОПТЕРІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, МИТРОПОЛИТ
:

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі бар. Олардың тілі ғана емес, діндері де әрқилы. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев бәрінің бейбітшілікте өмір сүруін қалады және бұл ретте көп еңбектенді. Бұған бәрі келіседі деп ойлаймын. Қазір түрлі диаспора өкілдері емін-еркін тілдесе алады.


Ресми дерекке сүйенсек елде 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3 мыңнан астам діни бірлестік тіркелген. Олар 30 жылға жуық уақыт аралығында ынтымақ-бірлікте өмір сүріп келеді.

Ғ. Өтемісов